Раскладушка

Біздер, сонау ұзын арқан, кең тұсау заманының бір пұшпағын көріп қалған, бірақта балалығымыз өліара кезге тап келген ұрпақпыз ғой. Кейде тым болмаса ой арқылы балалық шағыма орала бергім келеді.
Қазақтардың бала туу санын шектемеген тұстары үйдің бір бөлмесіне қаз -қатар көрпе жайып, рет-ретімізбен жата кетуші едік қой. Өзімізше бір-бір жастықты иемденіп, бір-бір көрпенің тұрақты жамылушысы болғанымызға мәз болатынбыз. көрпе ауысып кетсе арты төбелеске дейін барып тұратын. Әбіләкімнің  ауылы: РаскладушкаБіздер, үйдегі майда-шүйде балалар осылай ырду-дырду болып жатқанда ересектеу ағамыз анадай жерде раскладушккасын жайып жіберіп жататын еді. Кей күндері ағамыздың үйде болмайтынын білген кездерімізде, қоңыр материалын жан жағынан серіппелермен тартқылап, әлуминиге бекітілген сол раскладушкаға жату бақытына ие де болып қалатынбыз. Серіппе тартылған жері үзіліп әр жері салбырап, кей жерлері қызыл сыммен, енді бір жерлері қара сыммен бекітіліп тұрған сол қоңыр раскладушка әлі күнге көз алдымда.
Кейін, заман кеңіген бір тұста тәуелсіздіктің алғашқы жылдары маған да бір кішігірім көк раскладушка бұйырған еді. Қуандым әриен. Бірақ, сол раскладушкаға жатқан кезде қоңыр раскладушкаға жатқандай әсер ала алмадым…
Суретке сілтеме
Әрі қарай