Сіздер қалай ойлайсыздар?

Мені ауданға жастар форумына баяндама оқуға шақырды. тақырыбы «Жастар — тәуелсіздіктің тірегі». Өз ауылың және ауылыңның жастары туралы, жастар саясаты туралы жаз деді. Майын тамызып, ауылдағы жастар өмірін, олардың жетістіктерін жазып жіберсем, бұл жарамайды деп қайтарып жіберіпті. Енді қайта жазу керек. Жолдау, Жас Отан туралы жазуым керек екен. Қысқаша осылай:
Жастар – тәуелсіздіктің тірегі.
Жастар – қай заманда да, қай жерде де ақсақалдар мен аға буын өкілдерінің, жалпы бір ұлттың сенім артар ұрпақтары. Қазақстандағы жастар, ол-осы шақтағы студенттер, оқушылар, өсіп келе жатқан жасөспірімдер. Біз ¬-талай тарихи оқиғаларды басынан кешіре отырып, ата-бабамыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздікке ие болған Қазақ елінің, ұлы қазақ халқының бақытты да тәуелсіз ұрпағымыз. Еліміздің келешегінің келбетті, бола¬ша¬ғының баянды болуы да біздерге байланысты. Біз – еліміздің «ертеңін жа¬сайтын бүгініміз». Жастарға де¬ген үлкен сенім мен зор үміттің артылатыны бесенеден белгілі. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де – жастар. Сондықтан да жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та біздерге, жастарға, ерекше сенім арта оты¬рып, жастардың жағдайын жа¬сауға баса назар аударады. Ел президентінің жыл сайынғы Жол¬дауларының басым бағыттары жастармен тікелей байланысты болуы, кез келген мемлекеттік ма¬ңызы бар стратегиялар мен ма¬қа¬лаларында, сөздерінде әркез өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – соның айқын дәлелі.
Білім және ғылым министр¬лігінің жанында Елбасының тікелей тапсырмасымен Жастар сая¬саты жөніндегі Комитеттің, жергілікті жерлерде басқармалардың құрылуы, Жастар саясаты туралы мемлекеттік заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізі¬летіндігі, 2020 жылға дейінгі арнайы Тұжырымдаманың қабыл¬данатындығы – көп көңіліне медеу. Бұл жүрегі елім деп соққан әрбір жас қазақстандыққа қанат бітіретіндігі сөзсіз. Бұны Елбасының жастарға деген қамқорлығы деп білеміз.Тәуелсіздік алған жылдары дүниеге келген балалар қазіргі 22 жасар күш-қуаты мол, білімді жас болып табылады. Олардың алды жоғарғы оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналасуда. Яғни, Қазақстанның тәуелсіз ұрпағының еңбегінің жемісін көрер шағы осы кезден басталады. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманыда осы еді.
Қазіргі уақытта ел болашағына деген негізгі талаптар мынау:
— Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, яғни денсаулығының мықты болып, өз өміріне немқұрайлы қарамау және жаман әдеттерден аулақ болуы; Бұл мақсатта елімізде 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салтын ұстану» туралы бағдарлама жүргізілуде.
— Патриоттық сезім, мемлекетіне, тарихына, тіліне, халқына деген махаббат, құрмет, тәуелсіздіктің қадірін түсіне білу. Осы мақсатта тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылға арналған бағдарламасы, ҚР азаматтарының патриоттық сезімін дамыту бағдарламасы жұмыс жасайды.
— Білімді, тәрбиелі болу, яғни өте сапалы да жан-жақты ақылды болу керек, себебі қазіргі заман талабы солай. Жастар бір уақытта абсолютті түрде барлық нәрсеге үлгеру керек, қазіргі заманда ақпараттар ағыны өте жылдам. Оны қабылдап, сұрыптап, қажетін пайдалануға дағдылану керек.Сонымен қатар мәдениетті, тәрбиелі болуы шарт.Бұл мақсатта 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың бағдарламасы жұмыс жасайды.
— Жастардың өзіндік өмірлік мақсатының түпкі бастауы, бұлақ көзі «еліме қандай да болмасын бір пайдам тисе екен» деген негізгі мақсат болуы керек.
Ал, бұл талаптар орындалуы үшін жағдай керек. Ал, ондай жағдайлар Қазақстан жастарының қолында бар. Жастардың қоғамдағы орны мен саяси, әлеуметтік құқықтары туралы аз айтылып жүрген жоқ.1999 жылдың 28 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы, 2004 жылы 7 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң бар.Заңда мемлекеттің жастар саясатын жүргізудегі мақсаттары мен міндеттері де айқындалған. Сол заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты жастарды ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде тани отырып, жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн қанағаттандыру, жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру, жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділікті қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылатыны белгіленген.
Қазақстанда жастармен жұмыс жасайтын «Жас Отан» жастар қанаты бар. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында» саяси доктринасын және «Қазақстан — 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысында «Жас Отан» Жастар қанатының бастамасымен «Жас Қыран», «Жас Ұлан» сияқты балалар ұйымдары және жастар ұйымдары бірлесе жұмыс жасайтын болады. Саяси доктрина ең біріншіден жастарға бағытталған идеологиялық құжат, онда айтылған құндылықтар, жалпыға ортақ факторлар, барлығы бүгінгі жастарды дамыту жағдайына бағытталған. Сондықтан оны «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі ретінде қарастыруға болады. Себебі бүгінгі жастар 2050 стратегиясында айтылған мақсаттардың барлығына қол жеткізеді, стратегияның жемісінің, нәтижесінің куәгері болады.
Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жастардың сапалы білім алуы, жұмысқа орналасуы, сонымен қатар жастардың бойындағы отан сүйгіштік, адамгершілік және рухани құндылықтарды дамыту біздің басты мәселелеріміздің бірі болып қала бермек. Осы орайда «Жас Отан» Жастар қанаты өздеріңізге белгілі «Сәтті қадам», «Жастар-Ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар-Отанға!», «Стоп қылмыс!», «Кел, жастар, оқылық!» жобаларын жүзеге асырып жатыр.
22 жастағы жастарда ата-анасының шамалы ақшасы мен өзінің кішкентай стипендиясынан басқа ештеңе жоқ. Бірақ, жастарда күш-қуат, денсаулық пен сапалы білім болса, айқын мақсат болса – олар алға ұмтылады, дамиды, діттегеніне жетеді. Қазақстанда сондай — мақсаты мен байлығы бар, ендігі кезекте жастар оның күш-қуаты, білімді бола білуіміз керек. Сонда ғана ел дамып, биік белестерге жетеді. Сонда ғана байлығымыз өз қолымызда қалып, өндіруші өзіміз боламыз. Сонда ғана тәуелсіздігіміздің тамыры тереңге бойлап, көк туымыз халықаралық аренада нық бекитін болады. Бәрі жастардың қолында.
Елбасының жастарға арналған мына бір сөз¬дері әр жас азаматтың санасында жаңғырып тұратыны анық: «… жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсеке¬лестік күрестен сырт қалмауға ұм¬тылыңдар. Ол үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсі¬ресе не істеу керектігін жете түсі¬нулерің қажет. Сонымен бірге, сендер қандай да бір өзгерістерге қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қа-зақстанның бәсекеге қабілеттілігі әншейін бос сөз болып қалады».
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.
Құрметті аға-әпкелер, достар! Сіздердің қандай ой-пікірлеріңіз бар? Не алып-қосар едіңіздер? Өалай қызықты баяндама қылуға болады? Тез арада жауап күтемін!
Әрі қарай