Премьера! 18-19 МАМЫР ҚАЛЛЕКИ театры "ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ" атты драманың ПРЕМЬЕРАСЫН ұсынады

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мамыр айының 18-19 күндері, сағат 19.00-де «Қорғансыздың күні» атты драманың премьерасын өткізеді.
Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Қоюшы суретшісі – Шынар Елембаева.
Ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің қашан да өз биігінде болған туындылары бүгінгі таңда киелі сахнамыздың төрінде. Театр репертуарында айшықты орынға ие «Абай», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Айман-Шолпан» шығармалары режиссер Ә.Оразбековтің қолтаңбасымен сахналанған болатын. Ал бүгінде ҚАЛЛЕКИ театры заңғар жазушының жарық көрген алғашқы көркем шығармасы «ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ» драмасының премьерасын ұсынады. Оқырман үшін мұңы басым, жағымсыз кейіпкері көп, жарығы аз оқиғада жалғыз қалған қорғансыздың күні трагедиялық сипатқа толы болғанымен, классик жазушының туындысын кең зерделген Ә. Оразбеков инсценировкасының көрермен қауымға ұсынар өз ерекшелігі бар. Сондай-ақ режиссер осыдан жиырма жыл бұрын сахналаған туындыны елорда театры сахнасында жаңашылдықпен қайта жаңғыртпақ.
«Қорғансыздың күні» драмасының бас кейіпкері Ғазиза құс атаулының ішіндегі қарлығаштың ұясын ерекше ықылас танытып бақылайтын еді. Байқағаны, қарлығаш бәрінен қымбат «сенім» сезімін білдіріп, балапандарымен еш үрейсіз адамдар жүрген жерге ұя салады екен. Оған құрметпен қараған табиғатынан арманшыл қыздың адамзатқа деген сенімі қандай болды?! Соқыр ана, кәрі әжесімен «қорғансыз» қалған Ғазиза қоғамнан қамқорлық көре алмай, қорлықтан көз ашпады. Режиссер шешімімен оқиғаға араласатын символдық образдар — жетім баланың тағдыр-тіршілігін басқан қара Түнек пен жәбір-жападан қорғауға ұмтылған Жарық диалогі Ізгілік пен зұлымдықтың мәңгілік күресінен көрініс береді.
Қойылымды сахналауда театрдың жас артистерінің шеберлігі өте маңызды екенін атап өтсек дейміз. Бас кейіпкерді жас актриса – А.Серкебаева, Ж.Ибраева сомдайды. Екі құрамы бар спектакльден Ж.Чайкина, Н.Ташимова, Б.Мақсұтова, С.Тоқманғалиева, Е.Нұрымбет, К.Нұрланов, А.Молдахмет, Е.Малаев, Қ.Бұғыбай, С.Байыров, Ж.Оспанов, О.Жақыпбек, Н.Есен, Ж.Ерболат, З.Әбенов өнерлерін тамашалай аласыздар.
Әрі қарай

Суретші электрик

«Пингвиндерді тұрғызушы» туралы естіген шығарсыз. Етікші мен суретші, инженер мен механик туралы да талай айтылды. Мені қызықтыратыны басқа. Кәсіп иелерінің қайсысы шығармашылықпен айналысып жүр, ал қайсысы техникалық мамандықты игерген? Етікшіні механик емес, ал инженерді суретші емес деп айтып көріңізші. Міне-міне. Әйтеуір техниканың да, шығармашылықтың да үлесі бар екенін байқаймыз.
Әрі қарай

Кітап оқығым келеді (Көкбөрінің блогынан кейін)

Көкбөрі 6 жасында кітап оқыған.Сонда әріпті қашан таныған? Біз 6 жасымызда ертегініде оқымайтынбыз.Кішкентай кездерім есімде жоқ, оқымаған секілдімін.«Алтыншы-жетінші сыныпта оқыған эпопеяны студент кезімде емтиханда айтып беріп бес алып кеткенім бар.»
6-7 сыныпта оқып жүрген кітабыңыз, қалай есте қалады? Таңғалып отырмын.Есте сақтау қабілеті жақсы адамдар да бар екен — ау.Көкбөрінің жазған блогынан кейін шыныменде, уақытты босқа өткізіп алыппыз.Бірақ, әлі де кеш емес.Бір күнде бір кітап оқып тастауға болады екен.Оған өзім көз жеткіздім. " Жарық сөніп қалған кезде шам әкеліп оқыдым".Жарық, сөніп қалған кезде, кітап оқу былай тұрсын, ұйықтап қаламызғоо.Олай ерінбеуіміз керек екен.
Әрі қарай