Аты жоқ өлең

Қарашаның бір түнінде Кәмшат деген алтын адам бөлісіп еді осы өлеңмен агентте  Like!

Жаңбыр. Жанарда мұң.
Жалғыз келем!
Жасым-көл. Өлең-үміт таңда үзбеген!
Санама сәуле берген сыңғырлы саз,
Сағымға сіңбек пе енді сар күзбенен?!

Бұйра бұлт басқа салып бар салмағын,
Бұлыңғыр көшке ілесті кәусар жаным!
Менің бар ғұмырымды елестетед,
Шалшыққа құлап жатқан тамшы-арманым!

Муза жоқ.
Жүректе сол әппақ еді,
Мұз құсап еріп кетті-ау мақта реңі.
Бос қиял, бос арманды жетегіне ап,
Бос үміт күтіп отыр бақта меніঀ
Сол.
Енді жүгірмеспін жүрекке еріп,
Мұнардан құласам да мұң өткеріп.
Көңілім күлге айналып кетіпті ғой,
От іздеп жүргенімде түнекке еніп!

Маңдайда жазу тұрса шырмалып ап,
Ештеңе ем болмайды мұңға бірақ.
Алдыма шашып тастап алтындарын,
Сыбдырлап сыр айтса да сырғалы бақ!

Көктемде қатар жүрген көш басы едік,
Күз келіп бола алмады дос та серік!
Бос бақта жалғыз өзім босып жүрмін,
Бос сағым,
бос сезімге
босқа сеніп.

Р.Ә.
Әрі қарай