Бұл не қылған батпан құйрық

Осында отырған блоггерлердің бәрінде болған шығар мұндай жағдай. Бір күні поштама хат келді: «сіз миллион евро ұттыңыз, банкіміз осындай, лондонда орналасқан, бәлен-түген» деп. Содан бұл хатты зейін салып оқыдым, негізі бұрын да келген еді осындай хат, бірақ орысша қате-қате жазылған. Мынаусы ағылшынша сауатты жазылыпты, содан бұндай банк жалпы бар ма деп, ғаламторды шарладым. Бар екен, мекен-жайын да анықтап, қатесіз жазыпты. Не керек, «шот аш» депті бірінші, а сосын ешкімге тіс жармау керек екен да. Мен нұсқауларына сүйеніп бәрін жасадым, содан шот ашып, «шотым осындай» деп, хат жазып жіберсем, маған: «сіз жіберіп отырған сертификатты алуыңыз қажет бірінші, ол үшін 1000 фунт салуыңыз керек осы шотқа» дееееп жазыпты. «Қой, атаңа нәлет, молаңды әрі сал» деп ағылшынша жазып жібердім. Енді ғаламторды тағы шарламаймын ба, сөйтсем алданып, ақша салған байғұстар көп екен. Бір жапондық тіпті Америкада оқып жүріп, бар 8 000 американ теңгесін салып, оқудан шығуға мәжбүр болыпты.
Өзіме күлдім де қойдым, сөйтсем, біздің агенттікке келіп бір кісі хат аудартып жүріпті бір қыздың шет тілінде жазылған. Не деп ақша сұрағанын білмеймін, ана байғұс оған көөөп ақша жіберіп, алданыпты. Ол да өзіне күлді ма екен, не істеді екен а?
Әрі қарай