Ем болмаса, кем қылады

Дәріханаға кірсең, көз сүрінеді. Сөре жағалап тұрған препараттардың кейбірін жарнамадан білеміз, кейбірін танысымыздан естідік. Құрамы қандай, пайдасы бар ма, оны ойлап жатқанымыз шамалы. Біреулер дәрі ішіп, сырқатына сырқат жамады, кейбіреулер тіпті о дүниеге аттанып кете барды. Сонда, біз өзі не ішіп жүрміз?

Дәрінің бәрі ем емес
Блог - Marco: Ем болмаса, кем қыладыАқтөбеде иммунитет көтереміз деп «система» салдырған үш әйел бақилық болды. Олардың қаза тапқаны бұлтартпас факт, бірақ, неден өлгені әлі нақтыланған жоқ. Дәрігерлер көз жұмған үшеудің де түрлі созылмалы сырқаттары болғанын айтады. Кім білсін, мүмкін, бұл да бір себеп шығар.

Гәп басқада. Бұл вакцинация кесірінен туған алғашқы дау емес. Өткен жылы ғана Павлодарда жатыр мойны ісігіне қарсы егілген екі жасөспірім қыздың жаханнамға аттанып кете жаздағаны белгілі.

2003-2004 жылдардағы БЦЖ вакцинасы тудырған дүрбелеңді қазір зардап шеккендерден басқа ешкім есіне де алмайтын болды. Әйтпесе, сапасыз дәрінің кесірінен мыңнан (!) астам нәрестенің қолтықасты бездері шошынып, ақыры ота жасап, алып тастауға тура келді. Сол кезде Денсаулық сақтау министрлігін басқарған қазіргі Қаржы министргі Ерболат Досаев отставкаға кетті демесеңіз, ешкім шындап жазаланған да жоқ. Жазаласа да, иммунитетінің бір қорғаныс қабатынан айрылған сәбилерге одан бәрібір пайда жоқ.

Сақтансаң сақтайды

Блог - Marco: Ем болмаса, кем қыладыТәртіп бойынша Қазақстанға әкелінген кез-келген препарат «Дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медицина техникасын сараптау» Ұлттық орталығында тексерілуі тиіс. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай бұл жеткіліксіз. Өткені заңның да осал тұстары толып жатыр. Мәселен, жарамдылық мерзімінің 70-80 пайызы өтіп кеткен дәрілер Еуропа елдерінде айналымнан шығарылады. Ал, бізде олар емін-еркін сатыла береді. Оның үстіне кез-келген тексерісті айналып өтіп жатқан дәрілер де бар. Тек былтыр елімізде заңсыз айналымда жүрген он препарат тәркіленіп, бірнеше фармацевтикалық компания жабылды.

Биыл Денсаулық сақтау министрлігі GNP (Good Manufacturing Practice for Medicinal Products) халықаралық стандарттарына көшті. Бұл жүйе дәріні дайындалу барысынан бастап қадағалауды ұсынады. Оған мүше елдердің бәрі өзінде шығарылатын препараттың сапасына жауапты. Демек, оқыс жағдай бола қалса, құрығанда кімнен жауап сұрайтынымызды білетін боламыз.

Қазір Қазақстанда ресми түрде тіркелген 7 174 препарат бар. Оның 85 пайызы импорт. Жоспар бойынша биыл өз өніміміз нарықты 50 пайызға қамтамасыз етуі тиіс. Алайда, мұның ауылы алыс. Ең басты проблеманың бірі — халық елімізде жасалған дәріге сенбейді. Шымкент зауытының парацетамолы мен француздардың долифранының құрамы бірме-бір болса да, шетелдік таңдалады.

Ем төркіні — сенім

Блог - Marco: Ем болмаса, кем қыладыҚазақстандық дәрінің сапасыздығына құлай сенетініміз соншалық, шынымен әсері жоқтай көрінеді. Медицинада плацебо деген термин бар. Өтірік дәрі деген мағына береді. Көбіне бұл препараттар кәдімгі лактозадан жасалады. Алайда оның дәрі екеніне иланған пациенттер шынымен жазылып кетіп жатады.

Жуырда дәрігер ағам өз басынан өткен оқиғаны айтып берді. Қауіпті сырқаты болмаса да, бір кемпір күн сайын ауруханаға келіп, мазасын алған екен. Келесі бір келгенінде оған «Aqua distillata, 400 ml. Күніге үш рет жиырма тамшыдан таза суға қосып, екі апта бойы ішу керек», деп рецепт жазып берген. Тура он төрт күннен кейін әлгі кемпір құлан-таза айыққанын айтып, дәрігерге алғысын жаудыра келіпті.

Қазіргі күні плацебо тіпті хирургияда да қолданылады. Пациенттің денесі кесіледі де, қайтадан тігіле қояды. Бірақ, операция жасалғанына кәміл сенген науқас шын жеңілдеп қалады.

Демек, ауырған адам алдымен жазылатынына сенуі керек. Емшіге барса да, дәрі ішсе де, молдаға оқытса да, ең бастысы — сенім. Алайда, сенім де сапасыз дәріден құтқармайтынын мақаланың басындағы мысалдардан көрдік. Сондықтан, күмәніңіз болса, қолыңыздағы препаратты www.druginfo.kz/ сайтында тексеріп алған абзал. Дегенмен, ең дұрысы — ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу. Сау болыңыз.
Әрі қарай

Қымбат дәрілер және арзан аналогтары

Балаларға емханада тегін берілген бір дәрі бітіп қалып, кеше бірнеше дәріхананы аралап шықтым. Іздеген дәрім жоқ. Бағасы шамамен 500тг. Маған басқа дәрілерді ұсынды, құрамдары бірдей деп. Еш айырмашылық жоқ дейді, тек бар болғаны атаулары әр түрлі және шығарушылары. Емханада берілетіні қазақстандық өнім екен, ол ең арзаны. Маған ұсынылғандардың бағалары: 850тг, 1050тг, 1700тг. Үйге келіп, осыны айтып болып келіншегіме интернетке кірсем, өзім жиі кіретін бір форумда осы тақырыпта пост жазылған екен.

Біз жарнамадан көріп, алып жүрген қымбат дәрілердің арзан аналогтары бар екен. Құрамдары бірдей, атаулары басқа. Мысалы Мезим немесе Но-шпаның қағазын оқысаңыз, астыңғы жағында халықаралаық аты панкреатин, дротаверин деп жазылып тұрады екен. Бұл дәрілердің арзан аналогтарының аттары да панкреатин мен дротаверин.
Әрі қарай