"Өлілер мекенінен" репортаж

  • Кеше, сенбі күні бүкіләлемдік «The Human Body Exhibition» атты көрмеге барып қайттым. Көрмедегі экспонаттар адамның дене мүшелерін бүтін-бөлшектей, ішкі ағза мүшелерін қаз-қалпында сақтап көпшілікке көрсетуге ұсынылған. Аталған көрме 2005 жылдың 20 тамызында Тампта, нақтырақ айтсақ, АҚШ-тың Флорида штатында ашылған. 1999 жылы ашылған Body Worlds көрмесіне ұқсағанымен, оған ешқандай байланысы жоқ. Көрме адамның бүтіндей қаңқасынан, кептіріліп, сүрленіп сақталған бұлшықеттерінен, адамның ішкі ағзалары мен белсенді ағза мүшелері (мысалы, жүрек, бүйрек, бауыр, өкпе, адамның жыныс мүшелері, тамыр), ұрықтың бес апталығынан бастап төр айлық даму сатысына дейін көрсеткен қызықты әрі құнды экспонаттар бар. Бұл көрменің ерекшелігі сол – көрмедегі экпонаттар дүниеден өкен марқұм болған адамдардың шын денесі.
  • Бұл көрме осыған дейін әлемнің Айдахо-Фолс, Майами, Виннипег, Дублин, Амстердам, Роттердам, Атланта, Шривпорт, Вена, Мадрид, Буэнос-Айрес, Монреаль, Сан-Хосе (Коста-Рика), Квебек, Ниагара-Фолс (Онтарио), Богота, Кордова, Барселона, Шривпорте, Цинциннати, Сантьяго-де-Чили, Сан-Паулу, Брэнсон, Прага, Братислава, София, Загреб, Будапешт, Белград, Лиссабон, Атлантик-Сити, Питтсбурга, Сан-Диего, Лас-Вегасе, Нью-Йорке, Тулса, Форт Лодердейл, Хартфорд, Сан-Антонио, Вашингтон, Омаха, Гонолулу, Индианаполис, Финикс, Сакраменто, Тусон, Кливленде, Сиэтле, Альбукерк, Колумбия, Детройт, Гринсборо, Дарем, Лексингтон, Кентукки штатында, Рига, Варшава, Пуэрто-Рико, Брисбен, Любляна, Остена Яффы және Бойсте, Хайфе, сонымен қатар Хьюстон, Тегусигальпа, Сан-Сальвадор (Сальвадор), Лондон, Бухарест, Краков, Гданьск және т.б жерлерде өткен. Дәл қазіргі уақытта көрменің көрсетілімі Түркияның Измир қаласына жүріп жатыр.
  • Көрмедегі экспонаттар әр бөлмеде сатылай мына ретпен басталады: бұлшықеттер, жүйке тамырлары, қантамырлары, ас қорыту, кеңірдек, тыныс алу жолдары, несеп айдау, зәр шығару мүшелері, ұрықтың даму сатысы мен өңделген мәйіт денесі, адамның белсенді ішкі ағзаларын көруге болады. Жалпы саны жиырмаға жуық мәйіт денесі қойылған. Оның барлығы шынайы адам денесі. Экспонаттар «Полимерлі сақтау» әдісімен сақтаулы. Сондықтан бұзылып, ыдырап кетпейді. Бұл көрменің ұйымдастырушы Premier Exhibitions Incorporated корпорациясы. Аталған компания марқұмдардың ет жақындары мен туыстары шағымданып, мүрдені қайтарып алмас үшін Қытай үкіметі тарапынан өлі мүрделер жайында ешқандай мәлімет алмаған. Бұл экспонаттар Қытайдың Дальянь университетінде жасырын түрде дайындалған екен. Қытай үкіметі аталған компанияға әрбір бес жылға жалға беріп отыр.
  • Өлі мәйттерден әр түрлі көріністі көре аласыз: атлет, футболист, баскетболшы, жыныстық қатынасқа түсіп жатқан жыныс өкілдері, темекі шегіп тұрған, көздеп тұрған мерген қаңқа мүрделер.
  • Көрмені бейжәй көру мүмкін емес. Әрине, кептірілген ми мен қақ айрылып тілінген жүректі көрсең. Шындығында, адам жүрегі — біздің көріп, бейнелеп жүрген жүрегімізге ұқсамайды екен. Ал оның қақ бөліп екіге айырған түрін көргенде, біз білетін жүректі таныдым. Сүйекті қойш, бұлшық ет пен кәдімгі көзге көрінбейтін қан тамырларын сақтап қойғанына қарап қайран қалдым. Адамнан айла артылған ба...
  • Көрмедегі экспонаттарды түсіруге тыйым салынғандықтан, құрғақ қасық ауыз жыртпасын деп, төменде интернеттен алып, көрменің суреттерін салып отырмын.
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Блог - Kipshakkyzy: Өлілер мекенінен репортаж
Әрі қарай