Asaubota жігіт болды



Ескерту: оқиға жазушының фантазиясының байлығына байланысты фактілермен сәйкес болмауы мүмкін.

… Бүгін Сіз туылдыңыз. Ең алғаш дүние есігін ашқанда көргеніңіз көз шағылыстырар жарық… сосын… көзәйнектің артынан сұқтана қараған жанар… Ең алғаш естіген сөзіңіз «Ей, мынау өзі ұл ма қыз ба?.. әәә, ұл екен… құтты болсын мамаша. Мынауың жыламайды ғой ей». Шарт. Құйрығыңыз шыммм ете қалды. Ең алғашқы сөзіңіз: «Аййй, құдайым-ай,әлгі шляпалы жігіттен зәрезәп болған ем, енді мынау… Көрем дегенім осы ма еді..». Бұл сөзіңіз басқаларға іңгәләп естіліп жатты. "Құлыныммм",-деген жағымды дауыс естілді. Еріксіз жағымды дауыс иесіне қолыңызды соза бердіңіз…
1-апта өтті. Дәл осы күні бір мұртты ағай келді. Аузынан жағымсыз иіс шығады. Иісті туғызып отырған заттың арақ деп аталатынын, кейінірек оны өзіңіз де талай сүйсініп ішеріңізді білмедіңіз бірақ ол кезде. Мұртты кісі ернін бетіңізге тақап сілекейлей береді. -«Мамааааа». "Әй, мынауыңның қарны ашып жатыр ау дим"…
… Бүгін үштесіз. Туыстарыңыз жиналып қалған. Анаңыз шат-шадыман. Жақсы көретін тәтеңіз бір қорап «Ирис» әкеліп берген. Осы жағымды сәтті пайдаланып өзіңіз жауабын таба алмай жүрген (Әке-шешеңіз айтпай жүрген) бір сұрақ қоюға бекіндіңіз тәтеңізге. Құлағына тақалып, сыбырлап қана: — Тәте, мен қалай туылдым?..
— Уахахахаха, о тоба не дейді мына жүгермек… Тырна әкеліп тастап кеткен… уахахахаха…
… Тағы да түсініксіздік.
… Алтыдасыз. Бұрынғы тәтеңіз де отыр туылған күніңізде. – Тәте, сіз мені алдапсыз.
– Иии, не деп?..
— Мені тырна алып келмепті…
— Уахахахаааа әй мына жүгермекке кім үйретіп жүр мынаның бәрін…
Одан соң әрине, мектеп, бастауыш сынып… Ең алғашқы төбелес… Староста. Алғашқы махаббат… Бұзық досыңыз… Темекі… Соңғы қоңырау…
Студентсіз… Алты жасыңыздағы әңгіме есіңізге түссе еріксіз басыңызды шайқап күлесіз… (no comment....)
Үйлендіңіз. Жаңа өмір. Жаңа мама. Жаңа төс…
Алғашқыларыңыз дүниеге келді. Бұдан артық қуаныш бар ма?!!!
… Бір апта өтті. Аузыңыз арақ сасып тұр. Сақалыңыз өсіп кеткен… Барлық әкелік махабатыңызды кішкентай құрбақаға төгіп отырсыз… «Іңгәәәә, іңгәәә...»… «Әй мынаның қарны ашты ау дим, қатыыыыннн»…
Міне екіншісі дүниеге келді…
1-аптадан соң. Күхня. Барбаросса жоспары: — «Жаз, қатын. Бүгіннен бастап шығындарды азайту қажет. Туысқан, туған күн т.б. қоя тұрамыз екі-үш жыл. 5-6 ай қор жинап Астанаға көшеміз».
… Бүгін туған күніңіз… Барлығы шат-шадыман. Әйеліңіз ерекше пейілін көзімен-ақ білдіріп жүр. Тұңғышыңыз әжептәуір ер жетіп қалған. Тізеңізде отыр. «Папа, папа дим… бір сұрақ қойсам бола ма?.. Мен қалай туылдым?!!»…
— Ееее, балам…

Пы-сы: Құрметті де аса қымбатты Аsaubota мырза. Туылған күніңізбен. Сізге барлық жақсылықтарды тілейміз. Бақытты да бай болыңыз. Екеумен тоқталмай қазақтың санын көбейтіңіз.

Тағы да пы-сы: Сіздің 32.14.2011 жылғы 00012354521 «Туылған күндеріңді басқа әлеуметтік желілерде жариялау туралы» жарлығыңызды білеміз. Бірақ лиииибббооойй эксперттеріңізді шақырыңыз. Бұл әдеби шығарма… уот так-то.
Әрі қарай

Қазақстандық креатифф

Алматылық «GOOD!» дизайн агенттігі қаладағы дуалдар (жекелеген аймақтар үшін: қабырғалар, жарлар, тамдар) мен қоршаулардағы жазуларды негізге ала отырып «Zabor» деген сыр-бояу брендін шығаруды ұйғарыпты.



Әрі қарай