БОЛМАҒАН ОҚИҒА

Өмір болған соң күнде түрлі оқиғалардың куәгері болып жүреміз. Олардың біріне өзіміз араласып жатсақ, басқасын сырттан бағып, көзбен көріп, болмаса құлақпен шалып жатамыз. Қазір ақпарат заманы болғандықтан дөңгеленген дүниеде не болып, не қойып жатқанынан ілезде хабардар болып жатамыз. Кәзит, жорнал, теледидар, интернент тағысын тағы тағылар сияқты ақпарат каналдары бар оқиғаны жеткізіп салып тұрады.
Болған оқиға бәріне боян. Сондықтан сіздерге тың жаңалық айтып таң қалдыра алмаспын. Болмаған оқиғалар да болады. Сол төңірегінде біраз ауыз әріп.

Сонымен:
Тіл мәселесінен бастайын. Ол болды дегенге бәрібір ешкім сенбес.
Болмаған оқиға:
Қазақстанның дүйім жұртшылығы 112 пайыз қазақ тілінде сөйлеп жүр;
Болмаған оқиға:
Депутаттар күндіз түгілі түнде де ұйқы дегенді ұмытып, жарғақ құлақтары жастыққа тимей, елдің малын емес, қамын жеп тынбай еңбек етіп жүр;
Болмаған оқиға:
Студенттер сессияларын ақшасыз жауып жатыр;
Болмаған оқиға:
Жол ережесін бұзған көлікті тоқтанқан МАИ қызметкері жүргізушіден еш теңге дәм етпей, «байқап жүр, жол болсын» айтып тек шығарып салып жатыр;
Болмаған оқиға:
Шошып ұйқымнан ояндым…
Әрі қарай