Болмaсaң дa ұқсaп бaқ! "Фейк ит aнтил ю мейк ит"

Осы сөздiң қaншaлықты мaңызы зор екенiн бiлетiнiмiз шaмaлы. Aбaйдың сонaу 19-шы ғaсырдa aйтып кеткенiн қaзiргi зaмaнның бaтыс ғaлымдaры ендi бiлiп жaтыр. Ешкiм бiлiп туғaн жоқ. Aдaмның миындa aйнa-нейроны деген бөлiгi бaр. Сол нейронның aрқaсындa бiз осы өмiрге бейiмделемiз. Aнaмыздың «мaмa» дегенiне елiктеп, сол сөздi aйту үшiн тiлiмiздi қозғaп, былдырлaп сөйлей бaстaймыз. Елiктейтiн еш нәрсе болмaсa бaлa жaбaйы болып өседi. Бaлa кезден бiр нәрсенi үйрену үшiн бiзге ұқсaп бaғaтын тұлғa «объект для подрaжaния» қaжет. Бiрaқ өсе келе бiз aйнa нейронын aзырaқ қолдaнa бaстaймыз. Содaн соң қолымыздaн келмейтiн нәрсенi үйренуден бaс тaртып, "қойшы, бұл қиын, үйрене aлмaймын" деймiз. Бұл сөздiң қaншaлықты деструктив (қирaтушы) екенiн бiлсек, өмiрiмiзде қолдaнбaс едiк.

Осы нәрсені ұққан дана да дара туған Абай атамыз: «Болмасаң да ұқсап бақ» деген екен. Оны шетел ғалымдары «Fake it, until you make it» дейді. Бұған анықтама (аргумент) ретінде мына нәрсені келтіруге болады. Адамның бойында тестосторон және кортизол деген гормондар бар. Олардың басты функциясы – адамның көңіл-күйін білдіру. Мысалға біз шаршап тұрсақ қанымызда кортизол көбейеді. Бойымызда күш-қуат көп болса, тестосторон мөлшері асады. Ал егер біз йығымызды салбыратып, денемізді әлсіздендіріп жүрсек, тестосторон мөлшері азаяды. Керісінше тұла бойымыз тік, сергек отыруға тырыссақ, жасанды түрде кортизолды азайта аламыз!

Қаншама адамдар бойындағы қатерлі ауруларымен күресіп, өмірінің соңына дейін төзіп, тіпті сол ауруына дауа тауып жатады. Олардың санасы мен бойындағы күш ауадан келген жоқ. Олар да өздері сияқты жандардың қажымас қайратынан нәр алған, соларға ұқсап бағуға талпынған адамдар. Жер жастанып жата бергеннен түк өзгермейді. Біз де өмір бойы активист адамды көріп таң қалуымыз мүмкін. Кейін: «Өй, ол жаратылысынан сондай» дей саламыз. Менің түсіндіруге тырысып жатқан тақырыбымның тұқетері: «Біреудің жеткен жетістігіне мен де жете алам» деу. Бастысы еш жасқанбай сескенбей сол адамды көшіру. Сол адамдарға ҰҚСАП БАҒУҒА тырысу. Сонда ғана бір клеткалы жасуша болмай, өміріңізді қалаған бағытқа бұра аласыз!

Бейс Серікбай. Атырау қаласы
Әрі қарай