2015 жыл. Қорытынды

Блог - Marco: 2015 жыл. Қорытынды

Жыл бұрын доллар екі еседей арзан болатын. ЭКСПО-ны дүркіретіп өткізетінімізге сенімді, 26-Ақ Олимпиада қожайыны атанудан үмітті едік. Бірақ мұнай бағасы бұл кезде барреліне 80 доллардан түсіп үлгерді. Елде өткен әлем чемпионатынан соң отандық әуесқой боксшыларға қарсылас жоқ деп көкірек кере бастадық. Ал мен темекіні бұрқыратып жүрдім.
Әрі қарай

Инновациялық жобаны жүзеге асыру жолдары

Блог - ademi_alem: Инновациялық жобаны жүзеге асыру жолдары
Көгілдір экранды қоссақ та, кейбір газет беттерін ашсақ та «ұлттық инновация», «инновациялық жоба»,»инновациялық идея», «инновациялық экономика» және басқа да осыған ұқсас сөз тіркестерін көзіміз шалып қалады. Бұл сөздердің жиі айтылатыны сондай, құлағымыз үйреніп кеткен. Жеке өз басым бұл тақырыпта бұрын қалам тербеп, тереңдеп зерттеп көрмеген едім. Мен инновация дегенді жаңа нәрсе ойлап табу деп ойлайтынмын, бірақ осы тақырыпты жазу барысында инновация деген жаңа нәрсе ойлап табу ғана емес екендігін түсіндім. Бұл туралы сәл кейінірек.
Әрі қарай

Қазақстандағы үздік әлеуметтік желілер. Топ 5

Блог - ademi_alem: Қазақстандағы үздік әлеуметтік желілер. Топ 5
Cоңғы уақытта біздер жиі қолданатын сөздердің бірі – әлеуметтік медиа. Жиі қолданғанмен, бұл сөздің қандай мәнге ие екендігін терең түсіне бермейміз. Қарапайым тілмен «Әлеуметтік медиа – адамдарды бір-бірімен сөйлестіретін online технологиялар жиынтығы» деп айтсақ болады. Бұл жазбада Қазақстан бойынша жиі қолданылатын әлеуметтік желілердің үздік бесеуін анықтайтын боламыз.
Әрі қарай

Өсімдік тілі - тілсіз тіл

Блог - ademi_alem: Өсімдік тілі - тілсіз тілБір қарағанда олардың сөйлейтін тілі, көретін көзі, еститін құлағы, иіскейтін мұрны, қысқасын айтқанда ешбір сезу мүшесі жоқ болып көрінеді. Сол себепті де оларды таптап өткенде немесе тамырымен жұлып алған кезде жүрегіміз дір етіп, бойымызда аяныш сезімі пайда болмайды. Ал шын мәнінде олардың жасы адамзат жасынан әлдеқайда үлкен. Олар жануарлар эволюциясын, жердің беткі қыртысын өзгерткен. Олар біз біле бермейтін сан түрлі қасиетке ие. Керек болса Сізді емдеп, ыстықтасаңыз — сая, тоңсаңыз жылу сыйлап, қарныңыз ашса азық бола алады. Ал жөнді-жөнсіз „жанын жаралай„ берсеңіз, Сізден өш алып, өлтіреді! Бұл жазба жер планетасының жаны, һәм ақылы – өсімдіктер туралы болмақ.
Әрі қарай

Көк індет

Ақ өлім, сары ауру, тіпті қызылша. Бізде адам басына келетін дерт-нәубеттерді белгілі бір түске шырмап қою сирек кездесетін жайт емес. Бірақ бүгінгі біздің тақырыбымыз, көк індет — негізінен, адамның өз еркімен таңдап алатын құбылысы. Сондықтан індет делінуі шартты да шығар.
О, жоқ, жоқ, үркімеңіздер. Көк індеттің көгілдірлерге тікелей түк қатысы жоқ. «Көк індет» деп ғылымда татуировкаларға құмарлықты айтады. «Коловрат» тобының әнінде шырқалып, таралып кеткен бұл тіркестің мәнін, яки денесінің әлем-жапырақ суреттеріне психологиялық тәуелділікті қазақша бұған дейін тәржімалау кемшін-тін, сондықтан көк індет деп шартты түрде атап алайық. "Синяя болезньді" көк ауру емес, көк індет деп аударуыма түрткі — дыбыс үндестігі ғана, айыпқа бұйырмассыздар.
Әрі қарай