Arular.kz
image image

Блогиада туралы естеліктерім

Боладысынан, керісінше, болғаны қызық сирек шаралардың бірі — блогиада да ақтық мәресіне жетті. Блогиаданы қорыту, мына пақырларыңыз үшін сонша қиын боларын өзі де білмесе керек-ті. Тақырыптың аты аталған сәттен бастап, ойыма түрлі идеялар мен естеліктер қаумалап қоя бергені сол, тіпті ішінен мен үшін ең...
image image

Туыстығы адам сенгісіз 10 жұп хайуан

Дельфин мен кит балық емес, сүтқоректі екенін мектептен-ақ білгеніммен, кейде дельфин акуладан гөрі бізге жақын екенін ойлап, басым жарылып кете сақтайтын. Ғалымдар бұл сиқырдың сырын «конвергентті эволюция» деген ақылды сөзбен түсіндіреді. Арасында еш туыстық байланысы жоқ екі хайуан бір табиғи ортада өмір...
image image

Ер Төстік 2.0 немесе «Тұрқыңа сай киіне білесің бе?»

Ерте, ерте, ертеде, лама жүні келтеде, Кенжекей сұлу Ертөстік хикаясын жалғастырмақ болыпты. Ертөстіктің Айдаһарды жеңген күні ішкілікке салынып кетуі себепті, басты кейіпкердің орны бос қалыпты. Кенжекей әрі ойланып, бері ойланып, ертегі сиквелына басты рөлге лайық жігіт керек екенін айтып, жарияға жар...
image image

Садақа - Құдай разылығы үшін жасалған жақсылық

Біз өмір сүріп жатқан әлемді жаратқан Құдайдың разылығы үшін жасалған әрбір жақсы іс садақа болып табылады Садақа ретінде берілген көмек адамды апаттардан, бәлелерден қорғап, дүниеде сау-саламатты өмір сүруге себеп болады. Осылайша жәрдем еткен адам дүниеде де, ақыретте де үлкен нығметтерге қауышады....
image image

Жан дос: Жандос Құсайын

Белгілі режиссер, дарынды блоггер, студенттік жылдарымда жатақханада бірге тұрған «старшагым», Құдай қосқан жарымен бірге тәрбиелеп отырған 2 ұлдың әкесі, қысқасы бәрімізге таныс Жандос Құсайынов деген жігіт осы.
image image

Блогиаданың жартылай финалы басталды

Қасқыр блогерді анықтайтын «Блогиада» сайысы қызып келе жатыр. Енді бұл доданың жартылай финалы басталды, шашасына шаң жұқтырмайтын мықтылар қалды. Блогиадаға қатысқан барлық блогерлердің ерен еңбегі бар, оларға алғыс айтып қою керек. Ал, енді бәйгеге түскелі жатқан дүлдүлдерге сәттілік пен шабыт тілейміз! Кеше...
image image

Елден ерек әлеуметтік желілер немесе "фейсбуктан" жалыққанда

Дау жоқ, «фейсбук», «инстаграм», «вконтакте» сияқты қалың бұқараға бағытталған әлеуметтік желілер — интернет нарығының теңдессіз алпауыттары. Алайда, осы алпауыттардың тасасында қалған, дегенмен, атап өтуге тұрарлық айрықша әлеуметтік желілер де бар. Кейбірінің қолданушылары жүз миллионнан асса, кейбірі жүз...
image image

Синемалогия. Көңіліңнің бір жұмбағын кино шешсін

Психоанализ мектебінің қысқы сабақтарында курсымыздың бірер сағаты топтасып кино талқылауға арналған болатын. Мен көрген процесс маған барынша қарапайым көрінді: 1. Кино қараймыз. 2. Топ ішінде өзара әсерімізбен бөлісеміз. 3. Маман (психоаналитик) қорытады. Міне, осыны психологтар...
image image

Жұмыс күшінің миграциясы немесе "Келімсек болу қандай-ды?"

Жұмыс үшін шетелдіктерге ең жайлы ел болып әзірге Қытай танылып тұр. Бұны анықтаған сауалнамаға сәйкес, көбісі жалақысы жоғары болмаса да, ондағы арзаншылыққа, еңбек атмосферасы мен қауіпсіздігіне қызығыпты. Жұмысшыларды ең көп экспорттайтын көршіміз бұл жағдайға қаншалықты қуанышты екенін білмеймін. Маған...
image image

Блогиада-2014 1-кезең қорытындысы

24 мамыр 2014 күні Қазақстан Софтверлік Компаниялары Ассоциациясының баспасөз залында Блогиада-2014 блогерлер байқауының 1-кезеңін қортындылау шарасы өтеді. Блогиада 1-кезеңінде алғашқы 16 орынды иеленген блогерлерге 2-кезеңге өту сертификаттары тапсырылады, үздік жазба иелері сыйлықтармен марапатталады.
image image

Келер күннің көліктері

Бүгінге дейін адам баласын тасымалдап келген ұшақтар, поездар мен автокөліктердің барлығы да алдағы уақытта тарихи жәдігерге айналып шыға келуі ғажап емес. Өйткені, дамылсыз жылжыған ғылым адамның шарықтаған қиялында пайда болған идеялардың легін өмірде жүзеге асыруға қауқарлы. Толастамаса болғаны… Сіздің назарға...
image image

Бордама шай

Мен оқыған университетте (А. Яссауи атын. ХҚТУ) шетелдік студенттер көп еді. Өзге де түркі тілдес ұлттардың жастарынан бөлек, Өзбекстан, Монғолия, Қытай және т.б мемлекеттерден келген қандастарымыз болды. Әзір де бар. Монғолия мен Қытай елдерінен келген қыз-жігіттермен жақын араластым. Ондағы қазақтардың...