Керекшілер пикникке шықса...

қалай болар еді? Сөз дуэлянттарының тартысын тамашаладық, мың бұрала билеуде де жасындай жарқылдар ма еді-ау… @satibaldi мен @VKM жұбының арқа-жарқа болғанын көргім келер еді, өз басым…

Әрі қарай

Биттің күнделігінен (Қыздарға оқуға тиым салынады)

2011/07/26
Менің мекенім шашы селдірей бастаған дирижердің басы. көзімді ашқалы көріп келе жатқаным осы бас. Басқа бастың керегі де жоқ. Кеше бір концертке бардым. Негізі концертке көп барамын. Айына 5-6 рет. Барам дегеннен гөрі бардық дегенім дұрыс болар. Содан, қожайын Бетховеннің 4 симфониясын ойнады. Бұл өзі 4 бөлімнен тұрады ғой. Басында жәй ғана басталып, арасында ойнақы әуен ойнап, арт жағына қарай жын ұрғандай құтырынатын жерлері бар. Содан төбенің ең ұшар басына шығып алып "қанша адам жиналды екен" деп жан-жағыма қарап отырғанмын.
Әрі қарай

Атыраудағы кездесулер

Соңғы айда Атыраудағы кездесулер саны біразға жетті, ішінде ресми, бейресми түрлері, сайтқа жария болған не жігіттермен жай пибі ішкен деген жариясыз кездесулер көп.

Соңғы Мақпал келіп кеткеннен соң осы қауымдастықты ашып отырмыз.
Кезекті кездесу 17 тамыз күні, Мақпалдың қайтар шағында болады деген болжам бар.
Қатайып қалған дата емес, оған дейін біреу-міреу келіп не ұсыныс тастап жатса шыға береміз.
Әрі қарай