Бесік тойға бардым...

ОҒМ жазбалары: Бесік тойға бардым...Әріптесіміз баласының бесік тойына шақырған. Межелі уақытында сыйлыққа алған бесік-арба, әдемі костюм және шай сервизімізбен арқаланып кафеге бардық. Бір қызығы, сәбиге 40 күн толып қойғанына қарамастан, олар бұл тойды "қалжа" деп атап жүр. Білуімше, "қалжа" деген жас босанған әйелге әл жинауы үшін мал сойып, сорпасын ішкізу сияқты еді.
Ұнағаны, шара еш ішімдіксіз, қымызбен өткізілді. Сәбидің атын Ислам қойыпты, осыған байланысты діни тақырыпта викторина өткізіліп, сұраққа жауап бергендерге сыйлықтар таратылды. Оған қоса, қолымызға бір-бір «Ақ бата» атты кітапша ұстатылып, әркім тілегіне қосымша, баталар жинағынан шумақтар оқып отырды. Соңында өрнектелген әдемі қоржындар сөгіліп, жиналған қыз-келіншектерге шашу таратылды.
Үстіне бархат фрак киіп, мойнына бабочка таққан Ислам (щанем-ау, кіп-кішкене размерін қайдан тауып алған десеңші) бесік-арбада ештеңемен ісі болмай ұйықтап жатты)))
Әрі қарай