Кел, билейік! Бачата.

Би...Өзінің тәнін басқара білу – өнердің өнері. Қарап отырсаңыз биде фонограмма жоқ. Қанша қиын болса да, перденің артында дайындалған бишілер әлдебір жарақат, травма алғандарына қарамай, сахнаға үнемі күліп шығады немесе образға сай эмоция көрсете біледі.
Би… Денсаулыққа өте пайдалы. Спорттың бір түрі десе де болады. Би терапиясы арқылы құрысып қалған бұлшық еттерді жұмыс істетіп, іштегі жиналып қалған негативті шығаруға болады. Күйзелістен арылтады. Мүсінің сымбаттала түседі. Жастық қалпыңыздың ұзақ сақталып қалуын қамтамасыз етеді. Қан айналымы дұрысталып, табиғи коллагеннің бөлінуіне әсері зор. Тоңғақтарға: қан циркуляциясы дұрыс болса — тоңбайсыз. Тіпті, сұлулық салондарына бармай-ақ, ажарлана түсетініңіз сөзсіз. Жүрек-қан тамырлары және демалу жүйесінің жұмыстары жақсарып, иммунитет те көтеріледі. Күз мезгілінде, күн суытқан кезде, күннің көзі, сәулесі аз бола түскен сайын көп адамдарда санадан тыс депрессия пайда болады. Бимен айналысу соның бәріне ем…
Қазір көптеген би түрлерін әр түрлі спорт кешендерінде, мектеп, университет залдарында үйренуге болатынын өзіңіз де білесіз. Зумба, сальса, мықын биі – белли-данс, хип-хоп, стриптиз, тіпті, ересектерге арналған балет дейсіз бе, кез келгенін инструктор тауып алып үйренуге болады. Кез келген биді кез келген жаста меңгеріп кетуге болады. Тек ерінбесең және ниетің болса болғаны. «Уақыт жоқ», «сүйегім қатып кеткен» дегеннің бәрі жай сылтау. «Қаласаң – қар да жанады» деген бар ғой...
Бүгінгі әңгіме бачата биі туралы. Бачата – әдемі, нәзік, сезімтал және аздаған мұңы бар би түрі Доминикан Республикасында кедей әлеуметтік ортада дүниеге келген екен. Бір кездері Рафаэль Молина деген диктатор осы елді басқарып тұрғанда, елде қиын жағдай орын алады. Міне, сол кезде бачата билеу арқылы халық өз мұңын шығарған деседі. Барлық қиындықтарға мұңайған үстіне мұңаймай, сезімдерін, іштегі шерін осы бачата құштарлық биін билеу арқылы шығарып отырған. Үйрену оңай. Сәттілік!

www.youtube.com/watch?v=2cehkSxOLNA

ал, мына ән менен тарту ретінде. Тек тыңдамай, бачата билей отырыңыз: www.youtube.com/watch?v=HRWsGSx2N7Y&feature=related
Әрі қарай