Бақытты болудың төртінші сыры

Шынайы бақыттың төртінші сыры –өзің туралы түсініктің күші
‹‹ Адам өзі туралы нені ойласа, сол болып табылады›› деп айтады ғой.
— адамды ауру, кәрілік және бақытсз қылатын нәрсе оның жасы және жағдайы емес. Оның ақылы, біз өзімізді қалай санасақ
Әрі қарай

Бақыт сыры

Өмер әкей әңгімелері: Бақыт сыры

Бір саудагердің «мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жас жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп, соңында бір төбеге шыққан кезде алыстан зәулім сарай көріпті, данышпанның үйі сол үлкен сарай екен. Сарайға жеткеннен кейін данышпанмен кездескісі келетінін айтыпты. Қараса адам көп екен, жігіт кезеккке тұрып, өз кезегін күтіпті. Кезегі келіп, данышпанға жеткеннен кейін данышпаннан бақыттың сырын білгісі келетінін айтыпты. Данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүрген кезде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап кетіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.
Әрі қарай