Нағыз еркек

Соккер соққыр: Нағыз еркек
Ви́нсент Пи́тер «Ви́нни» Джонс — Уотфордтың тумасы. Жасы қазір 48-де.
Ағылшын футболшысы, бірақ Уэльс құрамасында өнер көрсеткен. Көбіңіз, әрине, оны футбол матчтарынан емес, көгілдір экрандағы фильмдерден көрдіңіздер.
Маған оның кинодағы рөлі жасыл алаңдағысынан аса өзгере қоймаған секілді көрінеді. Қай киносын қарамасам да не аз сөйлейтін, не мүлдем сөйлемейтін қанішер және қатігез кісі өлтірушіні сомдап жүреді.
Бала кезінде тәуір техника иесі болғанымен, ересек мансабында балташыға көбірек ұқсаттым. Нағыз жауынгер, қаймықпайтын дүлей. Жақындағанын шауып түсіреді. Оның бала кезінде футболмен қош айтысып, кейін қайта оралғанын да айтады білгіштер. Алайда, кейін ол енді қолапайсыз «ағаш» қорғаушы боп оралды. Бірақ, бұл жақсы, техникасы мығым қорғаушы — команданың жауы. Егер де, әрине, жартылай қорғаушыдан өзге амплуа ұстамайтын Барселона болмасаң.
«Жындылар бандасы» деп ат қойылған «Уимболдонның» құрамында Англия кубогін ұтып алған Винни кейін бірқатар ағылшын клубтарында ойнады. Қорғаушы және жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсеткен ол 384 ресми матчта ойнап, 33 гол соқты.
Әрі қарай