Сиыр-мониторинг немесе мал шаруашылығын цифрлендірудің Қазақстандағы алғашқы үлгісі

Жақында Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ірі мекеме «Олжа Агро» компаниялар тобының жұмысымен танысып қайттық.

Компанияға қарасты 10 ауыл шаруашылығы кәсіпорнында 2 мыңға жуық техника бар, 5 мың адам жұмыс істейді. Қолданыстағы жер аумағы — 840 мың гектар. 1800 бас малдың 800-дейі сауын малы.

Блог - asaubota: Сиыр-мониторинг немесе мал шаруашылығын цифрлендірудің Қазақстандағы алғашқы үлгісі

Сиыр мониторингімен осы мекемеде таныстық. Австриялық Smaxtech компаниясының болюстарын (арнайы чип орналастырылған капсул) сиырларға жұтқызады. Болюс асқазанның ішкі бөліміне түседі. Яғни сыртқа шықпайды қайтадан. Мал денсаулығына еш зарары жоқ.
Блог - asaubota: Сиыр-мониторинг немесе мал шаруашылығын цифрлендірудің Қазақстандағы алғашқы үлгісі
Болюс арқылы сиырдың денсаулығы, температурасы, жыныстық қалауы, суға қаншалықты тойғаны, инфекциялар, сүт өнімділігі бақыланады. Әр сиырдың жеке номері бар. Компьютер немесе смартфон арқылы операторлар әр сиырды номерлері арқылы қарап отырады. Мұндай цифрлендіру арқылы мал бағу әлбетте оңай. Сиырдың барлық жағдайын біліп отырасың, жоғалып кетеді деп қорықпайсың, ауырған кезінде дереу жағдай жасайсың. Уақыт және адам еңбегіне үнем ең бастысы.

Мұндай технология елімізде әзірше тек Қостанайда екен. Демек алдағы уақытта басқа жерлерде де қолданысын табады деген сөз.

Мына видеоларда болюсті қолдану түсіндірілген.