Жайдарман Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында екі ойын өткізді


Мамыр айында жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу мақсатында Жайдарман арнайы грант жеңіп алған болатын. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының осы гранты аясында « Астана кубогі» республикалық арнайы жобасы, «Жастар жазғы фестивалі» ойыны ұйымдастырылды.

⠀⠀

«Астана кубогі» республикалық арнайы жобасы 15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Ойында өзара бақ сынасқан 11 команда:

1. “Жаңа толқын” – Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті

2. «Ақпен бірге» – Қазақ Ұлттық Университеті

3. «Дастан» – Л.Н. Гумилев атындагы университеті

4. «Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы

5. «Евразиат» – Л.Н. Гумилев атындағы университеті

6. «Бүгін.kz» – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті

7. «Шатыр» – Семей қаласы

8. «ОҚМПУ» – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

9. «Ару.kz” – Арқалық

10. “Тұран –Астана” – Тұран-Астана университеті. Нұр-Сұлтан қаласы.

11. «Миллион» — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы

Әзілдері жоғары бағаланып, бағы жанғандары:

3-орын «ОҚМПУ»

2- «Қызылорда құрамасы» иеленсе, «Астана кубогін» яғни

1- орынды «Миллион» жайдарман тобы.

⠀⠀

12 тамыз- Халықаралық жастар күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайында Жастар жазғы фестивалі ұйымдастырылды. Фестивалге еліміздің барлық өңірлерінен 15 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, күміс жүлде Елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал, республикалық деңгейдегі алғаш рет сахнаға шыққан. Шығыс Қазақстандық «АҚ» командасы жазғы фестиваль жеңімпазы атанып, үлкен кубокті қанжығалады.

Екі ойыннан да түсірілім жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Qazaqstan ұлттық арнасынан эфирге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Астана кубогі" жайдарман ойынының қорытындысы


Нұр-Сұлтан күндері қарсаңында «Астана кубогі» үшін үздік топтар арасында жайдарман сайысы өтті. Республикалық арнайы жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында ұйымдастырылды.

Сайысқа барлығы 11 жайдарман тобы қатысты.
1. “Жаңа толқын” – Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
2. «Ақпен бірге» – Қазақ Ұлттық Университеті
3. «Дастан» – Л.Н. Гумилев атындагы университеті
4. «Қоғалыкөл құрамасы» – Қызылорда қаласы
5. «Евразиат» – Л.Н. Гумилев атындағы университеті
6. «Бүгін.kz» – Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достық университеті
7. «Шатыр» – Семей қаласы
8. «ОҚМПУ» – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
9. «Ару.kz” – Арқалық
10. “Тұран –Астана” – Тұран-Астана университеті. Нұр-Сұлтан қаласы.
11. «Миллион» — «Нұр-Үміт» өнер орталығы Шымкент қаласы
⠀Әділ қазылар алқасының құрамында сатирик Көпен Әмірбек, Олимпиада ойындарының чемпионы Бахтияр Артаев, «Nur Otan» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «Қазақстан КВН Одағы» қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ерлан Андасбаев болды.

Өзара тартысты өнер көрсеткен командалар көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шықты. Ойын қорытындысы бойынша,
3-орын „ОҚМПУ“, 2- орын „Қызылорда құрамасы“ иеленсе, „Астана кубогін“
»Милион" жайдарман тобы еншілеп, бас жүлдені қанжығасына байлады.