Сандық форматтағы құрылғыларды (фотоаппарат,телефон, т.с.с) пайдаланған уақыттан бері фото альбом сатып алдыңызба?

Қазір әр бір қадамымызды суретке түсіріп алып әлеуметтік желілерде бөлісіп отыру әдетімізге айналғанын бәріміз білеміз. Баяғының пленкалы фотоаппараттарыда көзден бұлбұл ұшып салонға барып сурет шығартуды ұмытқанымыз қашан. Мен қарап тұрсам белгілі бір құжатқа немесе оқудан сурет сұратқанда ғана фотосалонға барады екенмін. Ал, күнделікті немесе қыдырып жүргенде түскен суреттерді компьютерге одан кейін инстаграмға тыға беремін. Суреттерді жинайтын арнайы альбом сатып алмағанымада 4 жылдай болыпты. Үйдегі ескі альбомдардан әке-шешелеріміздің, ата — әжелеріміздің естелік суреттерін әр үйден көруге болады. Қалай ойлайсыздар бізден кейінгі ұрпақ әлеуметтік желілердегі ескі парақшаларымызды тауып алып бізді еске алып отыратын болар?..
Әрі қарай

Керек-Галерея қосылды



Сайтымызға жаңа Галерея бөлімі қосылды. Қолданушылар альбомдар ашып, фотоларын қоса алады. Фотоларға атау және қысқаша түсінік жазуға болады. Ілмек қосу функциясы да бар және фото ішіндегі қолданушыларды да белгілеп қоя аласыз. Фотоларға пікір жазып және баға беруге де болады. Күннің Үздік фотосы алғашқы бетке шығып тұрады.

Фото қосу және түзетулер Жаңа пост сілтемесі арқылы жасалады. Жаңа фото қосу үшін алдымен альбом ашуыңыз қажет ал құрылған альбомға жаңа фотолар қосу үшін сол альбомды ашасыз.

Ескерту: Тек қана фотосуреттер ғана қоса аласыз. Максимум сурет саны 50. (алдағы уақытта көбейтілуі мүмкін)
Әрі қарай

Сыйлыққа альбом...

Ол жылдардың кеткеніне де көп бола қойған жоқ. Бірақ, әлі есімде. Біздер студент атанар жылдары, оның шамалы алдында 2000-2001, 2002 лерде сотосалондарда қызық дәстүрлер болатын. Бір фотосалоннан пленка алсан, сол жерде проявкалату тегін.Басқа жерге апарсаң 100 теңге болды-ау деймін шамасы.Қазір тиын тәрізді көрінетін 100 теңгенің сол кезде құны әжептеуір болған-ау деймін. Жұрттар жаңағындай акцияларға жақсы қатысатын. Пленканың қағаз қорабын жоғалтпауға тырысып жүруші еді. Әйтеуір, әпкем осындай жеңілдіктерді байқастап жүретін. Тағы бір акцияның түрі, 36 кадрында бір десме шығарсаң 25 беттік альбомды сыйлық ретінде алу. Сол кездегі ол альбомның құнының қанша кеніне мән бермеппін.
Сілтеме суретке
Әрі қарай