Менің балалық шағымдағы Айт мерекесі

Бала кезімізде ауылда «айттық-айттық» деп әр үйге бас сұғып шығушы едік. Үлкендер 1 теңге, 2 теңгеден (қазіргі 100 теңгемен бірдей), ол болмаса тәтті-тақасын беріп шығарып салатын. Жантай деген сотқарлау бала болушы еді. Бірде балалар ауыл үлкендерінің бәрін тауысып келе жатса, алдарынан бір апа шыға келіпті. Балаларды көре қалған апа бір-екі теңгесін аяп, айттықты балаларды бұрын сұрап «Айттық» деп қалыпты, сөйтсе апаның қылығына ашуы келген Жантай «Кө..ң айыртық» депті де жүре беріпті… Сондай қызықтар болып тұратын. Қазір өйтіп айтшылау жоқ екен ауылда. Сағынамын сол күндерді…  
ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ДОСТАР
Әрі қарай