Чарли Чаплин: «Мен періште болған емеспін, бірақ қашан да адам болып қалуға тырыстым...»

Ата – ананың баласына деген риясыз әрі шүбәсіз махаббатынан артық махаббат жоқ. Чарли Чаплин – 12 баланың әкесі. Ол 1965 жылы 76 жасында Париждегі жиырма бір жасар қызы Джеральдинаға хат жазған. Терең мағынаға толы хатты оқыған әрбір қыз ой түйіп, сабақ алуына болады.

Блог - ademi_alem: Чарли Чаплин: «Мен періште болған емеспін, бірақ қашан да адам болып қалуға тырыстым...»«Қызым менің!
Қазір түн ортасы. Үй ішіндегілердің бәрі қалың ұйқыда. Аға – әпкелерің, тіпті анаң да ұйықтап қалды. Сен менен сондай алыстасың! Бірақ сенің бейнең менің жұмыс үстелім мен жүрегімнің бір түкпірінде сақтаулы. Сенің бейнеңді көз алдыма елестете алмай қалған сәтте соқыр болып қалайын. Қазір сен Парижде, атақты Елисей алқабы театрындағы сахнада билеп жүрсің. Мен ол жерді жақсы білем, сондықтан осындай мүлгіген түнгі тыныштықта сенің әрлі-берлі жүрген аяғыңның дыбысын естіп, аспандағы жарық жұлдыздай жарқыраған көздеріңді көре алам.

Мен сенің мерекелік спектакльде татар ханының тұтқынына түскен парсы сұлуының рөлін сомдап жатқаныңды елестетем. Әдемі бол, билей түс! Жұлдыз болып, жарқыра! Алайда, халықтың қошеметі мен алғысына мастанба! Егер саған сыйланған гүлдердің қош иісіне «басың айналса», менің хатымды оқы. Жүрегіңнің үніне құлақ ас. Мен сенің әкеңмін, Джеральдина! Мен – Чарли Чаплинмін. Кішкентай кезіңде кереует жанында отырып, саған ұйқыдағы ару туралы ертегі айтқанымды білесің бе?

Джеральдина, мен түсімде сенің арманыңды, болашағың мен бүгініңді көретінмін. Сахнада билеп жүрген қызды – аспанда қалықтап тұрған ақ періштені көрем. Құлағыма адамдардың: «Билеп жүрген анау қызды көрдіңдер ме? Ол атақты киноактердің қызы ғой. Естеріңде ме, оны Чарли деп атайтын» деген дауыстары естіледі. Иә, мен – Чарлимін! Мен атақты актермін! Ендігі кезек сенікі. Биле! Мен жыртық шалбармен билегенмін, ал сен жібек көйлекті ханшайым кейпінде билейсің! Би мен көрерменнің қуана қол соғуы сені көкке ұшыруы мүмкін. Ұш! Қалықта! Алайда, жерге түсуді де ұмытпа…
Әрі қарай