«Тирион үнемі тілмен шаншып отырады. Ал мен сол сөздерді апталап жүріп шығарамын» Жорыж Р. Р. Мартен сөбеті (сұқбат)

«Тақтар ойны» сереліне негіз болған «Мұз бен жалын жыры» атты романдар топтамасының жаратушысы, Әмеркелік күлт жазушы Жорыж Р. Р. Мартен алғаш рет Ресейге келіпті. «Медуза» басылымының кенісыншысы Антон Долин онымен Петербор пантастек асамбілінде жүздесіп, өлтірілген Старктар, Әмерке пантастегі және «Тақтар ойнындағы» саяси метапорлар жайлы әм романдағы сүйікті кейіпкерлері туралы сөйлесіп қайтқан екен.

— Мен кітептеріңізден бастап, сосын барып қана серелді көрген сыншылардың қатарындамын. Содан болар, әлі де «кітебі жақсырақ» деген ойдамын. Ал сіз серелдің кітептен көрі танымал болғанын қызғанбайсыз ба? Әлде ол да сіз үшін – өз туындыңыз ба?
— Мен де кітептерден бастағанмын! Сосын қана серелдік болайға (оқиғаға) ауыстым, бірақ одан белгілі бір мезетте алшақтап кеттім. Әрине, кітептер 100% менікі, ал серел – жартылай қана. Әлемі менікі, кейіпкерлер де менікі, сенерелер (сценарийлер) жазуға тек алғашқы төрт маусымда қатыстым. Бірақ серелімізді де жасаған адамдар саны орасан көп. Олардың жұмысын таңғажайып деп қана айта аласың. Барлық режісерлер, әртістер, шоуранырлар, «Емі» жүлдесіне ие болғандар жалпы – оның ішінде кәстімдер дезайыны, кастинг, арнайы епектілер, оператыр жұмысы, не жоқ дейсің. Бұл просестің бір бөлігі болғанымды мақтан тұтам'. Менің серелге қатынасымды сыпаттайтын бірден-бір сезім осы.
— Шоуранырлар сізден қаншалықты тәуелсіз? Мысалы: сіз өлтірмекші кейіпкердің өмірін олар сақтап қала ала ма? Немесе кітепте тірі жүргенді өлтіре ала ма?
— Олар толықтай тәуелсіз, күменденбесеңіз болады. Ойына келгендерін істейді. Оларға кедергі жасайтындай еш заңды құқым жоқ – ешбір келісімшартта ондай жазылмаған. Бірақ біз үнемі сөйлесіп тұрамыз, ал бірнеше жыл бұрын шешуші кездесуіміз болғантын, ол жерде оларға әлі жазылмаған кітептердегі ең мауызды (маңызды) сөжеттік сарындар мен күртбұрыстарды ашып бердім. Алайда олар тура кітеппен келе жатыр деп айта алмаймын. Менің сөжетімнің көп жерін өзгерткен, әлдеқайда басқаша кеткен. Мысалы, біз мында сөбеттесіп отырмыз, ал олар болса, өлтіріп жатыр.
Кезіргі сәтте серелде мерт болған, ал романдарымда әлі тірі шамамен 20 кейіпкер бар-ау дейм'. Қосалқы және басты кейіпкерлер — мысалы Рикон Старк, Барристан Селми, Мирселла Баратеон: бұлардың бәрі тек серелде қана өлген, есте сақтаңыз! Сонымен қатар серелде мүлде көрсетілмеген мауызды кейіпкерлер бар. Мүлде. Оларды өлтірмек түгіл, өмірге келмей жатып жоқ қып жіберген десе болады. Ондай кейіпкерлер: Тасжүрек (Кейтлин Старк), Дорндық Арианна Мартелл, Виктарион Грейжой — Бейлон мен Еуронның бауыры… Бұлардың бәрі кітептерім үшін аса мауызды, айта кетерлік.
— Сіз өз топтамаңызда Бахтин сыпаттап кеткен полифониялық роман пірінсібін жүзеге асырдыңыз – онда кейіпкерлердің бәрі тең және оқырман кез келгеніне жақтаса алады. Серелде мұны көрсету мүмкін емес.
— Мен әр кейіпкерімді нағыз адамға ұқсайтындай қылуға тырыстым. Шынайы, тірі адамға. Бірінші романымда болай жеті кейіпкердің атынан баяндалады, әр келесі кітепте бірнеше жаңа кейіпкер қосылып отырады. Сіз дүниені солардың көзімен көресіз, ал мен олардың әрбіреуінің миына кіріп, соның өмірін сүремін. Олардың әртүрлі болғанын қалағанмын. Біреуі адал әрі әділетті, екіншісі өзімшіл. Біреуі ақылды, тағы біреуі онша емес, тіпті мүлдем ақымақ. Дегенмен, олардың бәрі адам.
Мен дайым ұлы кейіпкерлер жасағым келетін, ал олар ақ не қара бола алмайды. Пентезіде жақсы мен жаманның теке тіресі жиі сыпатталады, және бұл кейде қажетті әсер беріп, көздегенін атқарады. Бірақ мен ондайға сенбеймін. Соғыс даласында ақ киімді жақсылар мен қара киімді, құбыжық іспеттес, адам жегіш жамандар кездеседі дегенге сенбейм'…
— Толкеннің кітептеріндегідей!
— Иә. Ол мұны тамаша жүзеге асырды. Бірақ оның ізбасарларының қолында бұл кілешеге (клише) айналып кетті. Ал мен Қараңғы Лорттар туралы жазғым келмегентін. Менше, жақсы мен жаманың шайқасы күнде, жер жүзінде боп жатыр, ал соғыс даласы — адам жүректері. Бәріміз таңдау жасаймыз, күніне талай мәрте, кейде таңдау аса қиын: жаман мен жақсының ешқандай теке тіресі жоқ. Көрсеткім келгені осы болатын.
— «Тақтар ойнының» басында жаға ұстататын еротика мен зорлық сақыналары болатын. Кезір олар серелде дерлік жоқ боп кетті, бірақ кітептеріңізде әлі бар. Серел шоуранырларының мұндай шешіміне қалай қарайсыз?
— Мен олармен дауласпас ем. Серел аты серел. Продісірлерге кейде менде жоқ проблемдерді шешу қажет боп тұрады: бөжет (бюджет), хронометраж, пормат пен көрерменге байланысты рұқсат етілген және етілмеген нерселер. Бірінші маусымда бөжет шағын болатын, екранда шайқастарды көрсету туралы сөз болмаған еді.
Серел бұл мәселені оңай шешті: болай Тирионның тарапынан көрсетіледі, сосын оны талдырып тастайды, ал есін жиған кезде шайқас аяқталып қойған. Себебі қарапайым: көпшілік қатысатын көріністер мен арнайы епектілерге қаражат болмаған. Кітеп өз әлемін еш шектеусіз көрсетеді. Оның ішінде секс пен зорлық та бар. Жалпы, «Тақтар ойны» — бұл соғыс туралы епос, көптеген пентезілер сондай, Толкен де сол қатарда. Соғыс туралы жазбақсың ба? Ендеше бәрін шындықпен көрсет деп есептейм'! Соғыс — мәдениет тарихындағы ең өзекті әрі күшті тақырыптардың бірі, «Илиададан» бастап «Соғыс пен бейбітшілікке» дейін.
— Біз жиі «Тақтар ойнын» саяси метапорлар жинағы деп оқимыз. Біздікі қаншалықты дұрыс?
— Дұрыс та, бұрыс та. «Мұз бен жалын жыры» билік мәселесін, оны жөнімен және теріс пайдалану тақырыбын ашады. Адам билікке жету үшін неге дайын және жеткен соң онымен не істейтінін көрсетеді. Бұл жерде соғыс жүргізуші биліктер мен үкіметтер мәселесіне кеп тірелеміз. Әрине, менің бұл мәселеге деген көзқарасым «Тақтар ойнында» толықтай бейнеленеді. Бірақ онда XXI ғасырдың нақты бір билеушілері мен саясаткерлеріне еш аллегория жоқ. Жазу арасынан ондай астар іздегендер қателеседі, тура солай «Жүзіктер әміршісін» Екінші дүниежүзілік соғыс туралы қиса-дастан деп ойлаған зерттеушілер де қателескен. Ол басқа соғыс туралы болған – Жүзіктер соғысы туралы! Мен нақты қай соғысқа сілтеме жасадым десеңіз, ол Жүзжылдық соғыс, Гүлдер соғысы, Кірес жорықтары.
— Кез келген кітептің басты кейіпкерлері аутыр тұлғасының бейнесі деп саналады. «Тақтар ойнында» да солай ма?
— Мұнда тек жеке тарауларды бірінші жақтан баяндайтын кейіпкерлер туралы айтуға болады. Мен толықтай олардың санасында сүріп, олардың бүкіл уаждары мен әрекеттерін өзім арқылы өткізіп көрем'. Солай істеуге мәжбірмін, әйтпесе олар ешқашан шынайы болмайды. Мен ешқашан қашқын ханшайым болмағам, ергежей де, сегіз жасар қыз да болмағам, бірақ адамдарда — кез келген адамдарда ортақ нерсе әдеттегі ойлағаннан әлдеқайда көп. Ал мен өз кейіпкерлеріме жан бергім келеді.
— Онда сізден сұрауға бола ма: қай кейіпкер сізге ең қатты ұқсайды? Қайсына ұқсағыңыз келер еді? Және қайсы сияқты болғыңыз келмес еді ешқашан?
— Маған Тирионның атынан жазған жеңілірек және ұнамдырақ. Оның барлық кемшіліктеріне қарамастан, мен соған ұқсаймын. Бірақ, өкінішке орай, Тирион емеспін. Оның тілі керемет өткір, ал менікі – жоқ. Ол үнемі тілмен шаншып отырады. Ал мен сол сөздерді шығару үшін кейде апталар бойы басымды қатырамын. Шынайы өмірде мен әлгі «Әдіреқалғыр, былай айту керек еді қой, неге үш апта бұрын осы ойыма келмеді» деп өзін сөгіп жүретін адаммын.
Шын мәнінде Семвелл Тарлиге ұқсаймын-ау деп ойлайм' осы. Жайдарлы да жуас Сем достым. Және әрине Жон Сноу сияқты болғым келер еді — сондай бір, байрондық, романтик кейіпкер, бүкіл қыздардың жүрегінде орын тапқан. Ал Теон Грейжой болудан барынша сақтанар ем. Ол да Жон Сноу сияқты болғысы келетін жігіт, бірақ ішкі өзімшілдік өрісі басымырақ боп жатады. Ол батыр болу үшін дайым өз-өзімен күресуде. Жон екеуі де Едарт Старк отбасында тәрбиеленген, екеуі де сол отбасында бөтен болған, екеуі де ауытсайдыр, бірақ Жон мұны қабылдай біледі, ал Теон — жоқ: оның ішін қызғаныш пен өзіне деген аяныш жеп барады.
— Ауытсайдырлар — сіздің кейіпкерлеріңіздің басым бөлігін құрайды: балалар мен әйелдер, гейлер мен ергежейлер, жат елдіктер мен ентелектуалдар. Кәсіби ортаңызда ауытсайдыр сезінесіз бе өзіңізді? Себебі іліми пантастек пен пентезі жазушылары әлі күнге дейін «нағыз жазушы» қатарына қабылданбаған сияқты.
— Ресейде қалай екенін білмеймін, бірақ АҚШ-та жағдай өзгеріп бара жатыр. Әрине, жаймендеп. Мойындау керек, 1970 жж. енді қолға қалам ала бастағанымда, тіпті 1960 жж. басында әлі оқырман боп жүргенімде де мұны сезінетінмін. Ол кезде іліми пантастек пен пентезіні ешкім де нағыз әдебиет деп санамайтын, және мілімдерім (мұғалімдерім) үнемі менен сұрайтын: «Бағаларың жап-жақсы, басың да істеп тұр, мынау далбасаны несіне оқып жүрсің? Классика оқымайсың ба!» Бүгін пантастекті Әмеркенің барлық үнберсеттері мен көлеждерінде оқытып, зерттейді, соның ішінде менің кітептерім бар. Майкл Шейбон Пулитсер жүлдесін алды, ал Стивен Кингке Ұлттық жүлде берілді, мұндай мәртебелі жүлделерді пантастек жазатын аутырға 30 жыл бұрын бермес еді. Тіпті он жыл бұрын да. Сериоз жазушылар дегендері темдерді (theme), сөжеттер мен тәсілдерді кезір көбіне бізден алатын болды. Әлем бізге сене бастады. Бірақ әлі толықтай сенім арта алмай жатыр. Бізді қанша зерттесе де, «XX (ғ)асыр Әмерке әдебиеті» пәніне қоспай отыр.
Канонға жататындар ол Фицджеральд, Хемингуей және Апдайк, бірақ Роберт Хайнлайн емес. Әйтсе де, кез келген жанырлық әдебиетке қатысты осындай әділетсіздік орнап жатыр. Дешил Хеммет пен Раймонт Чандлер үшін де канонда орын жоқ, бұл, әрине, дұрыс емес. Білесіз бе, әдебиет үшін жалғыз сынақ ол уақыт. Бізді 20, 40, 100 жылдан соң оқитын бола ма? Әзірше пантастек пен пентезінің жағдайы жаман емес. Жұрт Толкенді әлі де оқып жүр. Жуырда бір битандық кәзет XX асыр ең көп оқылатын романын анықтау үшін сауалнама жүргізгентін — сонда «Жүзіктер әміршісі» жеңіп шықты.
— Ал сіз классиктерден ештеңе алмадыңыз ба? Әсіресе маған қызығы орыс классиктері.
— Орыс дейді? (Күледі.) Тайвин Леністердің мәйіті және онымен болған жайттың бәрі — «Ағайынды Қарамазовтардан» алынған, мойындай салайын енді сізге. Басқа ештеңе алмаған сияқтымын. Мен бірақ орыс классиктерін аз оқығам. Тек көлежде оқығандарым Достоевский, Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігі», Пастернактың «Доқтыр Живагосы». Орыс пантастегін іздеп көргем, ағайынды Стругацкилерден басқа ешкімді таппадым.
— Вестерос әлемі аса шынайы әрі сендіргіш. Онда тірі өліктер мен айдахарларды кіргізгеніңізді қалай түсінуге болады? Неге сізге сиқыр соншалықты қажет болды?
— Әуелде еш әжептерсіз (ғажаптарсыз) жазбақ ойым болған. Кем дегенде айдахарларсыз. Таргариендердің таңбасы айдахар болады деп бірден шешкентінмін, бірақ әдепкіде ол олардың пирокинездік қабілетінің нышаны қана болады деп ойлағам. Сүйтіп ұзақ ойланып жүргенде Филлис Ейзенстайн деген пантас (фантаст) құрбым, айтпақшы, ол Сергей Ейзенштейннің алыс туысы! — сол мені айдахарлар қажет деп көндірді. Уақыт өте оныкі дұрыс екендігіне көзім жетті. тіпті кітептердің біреуін оның өрметіне арнадым, үшіншісін.
Пентезіге сиқыр қажет. Бірақ мен оны шектен шығармай, бақылап отыруға тырысам. Сиқыр мен үшін бір тылсым, жұмбақ, күңгірт құбылыс: ол күнделікті, үйреншікті нерсеге айналмауы тиіс. Бастысы, кітепке сиқыр мектептерін кіргізбеу керек!
— Яғни ешқандай Хогвартстар керек емес қой?
— Дәл солай.
— Бізде әзіл бар: Жорыж Мартеннен «Мұз бен жалын жырындағы» әлі жазылып бітпеген алтыншы кітеп туралы сұраған сайын ол бір Старктан өлтіріп отырады дейді. Осы шын ба, айтыңызшы?
— Өйте берсем, бірде-бір Старк тірі қалмас еді қой!
Әрі қарай

Тақтар ойыны. 7-маусым, 1-серия. Қыс түсті

Блог - asaubota: Тақтар ойыны. 7-маусым, 1-серия. Қыс түсті

Көптен күткен GOT маусымының 7-сі де келді. НВО арнасы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіпті — 16 млн адам қарапты. Биыл тек 7 серия ғана шығатын маусымның алғашқы сериясы көңілден шықты ма? Әдеттегідей таныстыру, превью сериясы болды деп ойладым. Сонымен не есте қалды?

"Қыс түсті" — маусымның жаңа ұраны. Бірнеше рет айтылады. Қыс Винтерфельге келіп болды. Шайқас алда.

«Солтүстік ұмытпайды» деп айт. Фрей Үйіне қыс түсті © Арья Старк
Уолдер Фрей ұйымдастырған Қызыл той қырғынына қатысқандардың бәрін қырып кетті Арья. Арья Старк — қатігез, жауыз, кекшіл. Ал бір көріністе әскерлермен тым жақсы әңгіме айтып, қонақ болып отырады. Әскерлердің қарапайым адам екендері, біреуге ұл, біреуге күйеу, әке екені көрсетіледі. Еш жамандық жоқ сияқты болып көрінеді. Әзірше тыныш. Бірақ бұлар да жауыз болып шығады немесе өледі-ау?

Мейстер болғысы келетін Сэм білім-жұмыс-нәжіс үшбұрышында айналып жүр. Бірақ құпия кітаптарға оңай қол жеткізіп алды да, Ақ жүргіншілерге қарсы қару жасауға болатын кен орнының қайда екенін біліп алды.

Ал кен орналасқан Айдаһар Тасына Дейенерис ханым жетіп үлгерді.

Дейенеристің қасындағы Тирион Ланнистер бір ауыз сөз айтпады. Әдемі ойларын алдағы серияларға сақтаған болар?

Джон Сноу ағай әдеттегідей қабағы қатулы, үнемі ойланып жүреді. Санса қарындасымен сөзге келіп қалды. Бұл жақсы емес. Болашақта осы жақтан мәселелер туындауы мүмкін.

— Сенің неге көңіл-күйің үнемі нашар?
— Өмір сондай… © Сандор Клиган aka Төбет

Прагматик Төбет ағай да от тақырыбына кіреді. Бұл кісіде де бір өзгерістер болатыны анық енді.

Сериалдың жаңа жаман адамы Эурон Грейджой бола ма? Серсеяны басып жібере ме? Неге болмасын? Біраз нәрсе күтуге болатын сияқты бұл кейіпкерден. Рокер стиліндегі киімі де мықты. Джейме Ланнистердің біраз қанын ішетін сияқты.

Бран да аман-сау жетті Түнгі Күзет Қабырғасына. Ойыншылар түгенделе басталды. Шахмат фигуралары тізілді сапқа. Түн Патшасы да әскерлерімен жақындап қалды. Арасында дәу Вун-Вун да бар. Шайқасқа бәрі дайын.

Айтпақшы, Серсеяның Үйіндегі карта керемет! Әлбетте Серсеяның өзі де ;)
Блог - asaubota: Тақтар ойыны. 7-маусым, 1-серия. Қыс түсті
Әрі қарай

Тақтар ойынындағы Торғайлар

Блог - asaubota: Тақтар ойынындағы Торғайлар

Танымал «Тақтар ойыны» сериалының 5-маусымынан бастап Торғайлар деп аталатын радикал діни жамағат туралы айтыла бастады. Торғайлар деген кім?

Торғайлар — Бес Патша Соғысының аяқ жағында Өзенді жерлерде қарапайым халықтың арасында пайда бола бастаған діни ағым. Фанатик Торғайлардың пайымдауынша Жеті Патшалықтағы барлық қасіреттің басты себебі — қасиетті сенімнің қағидаларының сақталмауы деп санайды және бұның бәрін қатаң орындалуын талап етеді. Бастапқыда қарапайым талаптары болған бұл жамағат уақыт өте келе үлкен күшке айнала бастады да Жоғарғы Септон сайлауына өз көсемдерін тыға бастады. Одан кейін әскер қатарына да кіре бастады.

Кіші Кеңестің жиналысында патшайым Серсея Ланнистерге астанада Торғайлардың саны 2000-нан асқаны туралы, оларға қарсы бір әрекет жасау керектігі айтылады. Серсея Торғайларды қауіп ретінде қабылдамай, олармен Тақуалар айналыссын, біздің олармен ешқандай ісіміз жоқ дейді. Торғайлар халық арасында өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізе береді, қатарлары одан сайын көбейе түседі. Ал, Серсеяға көпестерден және басқалардан арыздар түсе бастайды Торғайлар туралы. Серсея бұл қаңғыбастарды қуып шығу туралы ойланғанымен, бұл ойын жүзеге асыруға асықпайды. Торғайлар болса бұрынғыдан да күшейе түседі, киімдері де, қарулары да түзеле бастайды. Басты діни басшылықтан үміткер Оллидорды бордельде ұстап алып, масқарасын шығарады. Кейін өздерінің көсемдерін көтеріп, Тақуаларды сайлауда оны таңдауға мәжбүр қылады.

Торғайлардың негізгі ұстанымдары дін тазалығы болғанымен, осы арқылы алдымен әскерге, сосын билікке жетеді. Бастапқы кезеңде базарларды қолға алады, арақ-шарап және басқа діни артибуттар сатушыларды жояды, биліктегі адамдардың күнәлі істерін әшекерелеп, оларды өздері басқара бастайды.

Осылайша Торғайлар билікке келеді. Қасиетті Әскерлер деген атпен әскери бір бөлім ретінде де қалыптасады. Торғайлардың құрамында патша тұқымынан Лансель Ланнистер көзге түседі.
Әрі қарай

Джон Сноу туралы жеке сериал түсірілгенін қалайсыз ба?

Ал сол кезде...: Джон Сноу туралы жеке сериал түсірілгенін қалайсыз ба?
Күні кеше Daily Express порталы HBO телеарнасының Джон Сноу туралы жеке сериал түсіру жоспары бар екенін хабарлады. Онда «Тақтар ойыны» сериалының бас кейіпкері Джон Сноу туралы спин-офф түсіретіні айтылған. Алайда, EW порталы бұл ақпаратты терістеді. Дәлірегі, «Тақтар ойыны» сериалы өкілдерінің айтуынша, Джон Сноу туралы жеке сериал түсіру шындыққа жанаспайды.
Ал, сіз талай көрерменнің сүйікті кейіпкеріне айналған Джон Сноу туралы бөлек сериал түсірілгенін қалайсыз ба?
Әрі қарай

Вестерос діндері

Әже дінің жеке принциптеріңе сәйкес келмей, екі оттың ортасында қалатын кездерің болады ма? Мұсылман болып туылып, бірақ іштей христиан емеспін бе деген күмән жегідей жейді ме? Иудейше піштіріліп, мұсылманша намаз оқығың келіп кете ме? Атаң будда,
Әрі қарай

Спойлер таратып жүрген арандатушы топ іздестірілуде

«Тақтар ойыны» сериалының маусым финалының алдында еліміздің бірнеше қаласында бейбіт көрерменге спойлер шабуылы жасалды. Алдын ала көріп алған арандатушы топ сериал фанаттарына алдын ала ақпарат беріп, іріткі салуда. Қазір бұл спойлершілер жан-жақты іздестірілуде. Арандатушылармен тиісті органдар айналысып сазайын беретін болады.

Оқиғалар тізбегі:

АЛМАТЫ. Бетперде таққан белгісіз біреулер Жароков-Водозаборный көшесінде орналасқан блогерлер штаб-пәтеріне кіріп келіп, соңғы бөлім спойлерлерін айқайлап кеткен. Психологиялық травмаға ұшыраған Д.З және Е.Б атты блогерлерге қазір психологтар көмектесуде.

АҚТӨБЕ. Жайдарман аймақтық лига ойынында сахнаған шыққан бір ойыншы шыдай алмай «Ең соңында Джон Сноу бар ғо, Джон Сноу...» деп айқайлап жатқан жерінен бір командаласы тарапынан соққыға жығылды.

ШЫМКЕНТ. Сериалдың бұрынғы бөлімдерін талқылау және сезон финалына болжау жасау мақсатында саунада жиналған сериал фанаттарына жезөкше кейпінде кірген спойлерші қыз маңызды 3 спойлер айтып, артынша ізін суытып үлгерген.

АТЫРАУ. «Тамаша» сауда орталығында белгісіз біреулер «Сайлаубек ән айтады» деп халықты жинап, дыбыс күшейткіштер арқылы спойлер таратып, белгісіз бағытқа қашып үлгерген.

АСТАНА. Тікелей эфир кезінде Еуразия арнасының жаңалықтарына телефон арқылы хабарласқан көрермен 8 секунд ішінде маңызды спойлер айтып үлгерген.

ҚАРАҒАНДЫ. Қалалық парк алдында оқушы қыз киімін киген белгісіз топ қала тұрғындарына қос тілде жазылған спойлер қағаздарын таратқан.

ҚЫЗЫЛОРДА. Ешқандай оқиға тіркелмеді.

АЛМАТЫ. Футбол матчында тиін киімін киген белгісіз бір арандатушы спойлерлер жазылған қағаздарын трибуналарға шашып болғасын, қашу сәтінде қақпа маңында тәртіп сақшылары тарапынан ұсталды.

АҚТАУ. Суық және ыстық су көрсеткіштерін тексеруші кейпінде тұрғын үйлерді арлап жүрген спойлерші соңғы 3 бөлімін әлі көрмеген қала тұрғындарына психологиялық соққы жасап үлгерді.

Шоу бизнестегі ерекшеліктер

  • Kaztube
Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктерШоу бизнеске келудегі мақсат, әрине, жарқырау, танымал болу, өз өнерін паш ету секілді, бір ғана ниет болғанмен, әр өнерпаз түрлі стилмен келеді. Осы ғасырдың бас жағында қазақ шоу бизнесінде топпен ән айту сән болған секілді. "АБК" бастап, "Нұр-мұқасан", "Бәйтерек" қостап, сонан соң "Орда", "Музарт", "Жігіттер" болып кете барды.

Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктерКейін фонограммадан жалыққан жұртқа керемет көңіл күй сыйлау үшін, көпшілігі бір кездегі даңқы шырқаған "Дос-мұқасан", «Айгүл» секілді қазақ өнеріндегі танымал ансамбліндері секілді ВИА құруға көшті. Бұрын қолдарына тек домбырамен немесе баянмен шығар болса, кейін түрлі аспаптар шоу бизнестің көркі болды. Мысалы Музарттың Кенжебегі сылдырлағымен ерекшеленсе, қыздардан құрылған "Асыл" тобы қобызымен ән салды.

Соңғы кезде этно-топтардың да қатары көбейіп, онысы сәнге ұласып келе жатқан секілді. "Тұран", "Алашұлы" секілді топтар көрерменнің көзайымына айналып, әндері жұрт көңілінен шығып жүргені белгілі. «Тұран» әлемдік деңгейде өте жоғары өнер көрсетіп жүрген санаулы топтың бірі.

Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктерСонымен қатар музыканттар да шоубизден аламыз деген үлестері мол екенін дәлелдеуге тырысып жүр. Қазақ сахнасында жүргендердің арасынан оқ бойы озық тұрғаны Лұқпан Жолдасов шығар. Гитарамен сүйемелдеп, ән айтумен қатар, әсем әуендері жұрт есінде. Ал соңғы ұлттық бағыттағы музыканттардың саны артып келеді. Ал олардың жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай қаптауына "Ұлытаудың" жеткен жетістіктері әсер етті ме екен? Әйтсе де, Асылбек Еңсеповты қалай ұмытамыз?! Оның әкесі Жасарал Еңсепов «Декко» жанрының негізін қалаған соң, осы бағытта небір тың ізденістер жасалған болатын.
Дәл қазір домбырашылардың көбі «Декко» жанрымен өнер көрсетіп келеді.

Міне, осындай қаптаған қалың өнерпаздың арасынан жарқ етіп шығып, тасбауыр шоу бизнестің биік шыңынан көрінгісі келетіндер осылайша өзгеше шығып танылып жатады. Бірі тойға арналған әнімен (Заттыбек Көпбосынов, Абай Бегей т.б.), бірі танымал әншіге ұқсастығымен (Ернар Айдар, т.б.) танымал болса, енді бірін көрермендер жұлдыздардың аналары арқылы таныдық деп жатады…
Ал соңғы кезде тез танымал болудың жолы интернет болып отыр. Соның ішінде YouTube видеосервисі көп көмектесуде. Яғни танымал әндерді өз стилімен қайталау арқылы, кавер түсіріп, сонысымен жұрт көңілінен шығып жүр. Айталық осы жолмен жұлдызы жанып келе жатқан әншінің бірі — Нұрым Қуаныш екені даусыз. Оның әндері қазір жастардың арасында кеңінен танымал болып үлгерді.Kaztube: Шоу бизнестегі ерекшеліктер

Сонымен қатар, каверді пайдаланып, жұртты елең еткізген жастың бірі — домбырашы, күйші Темір Дулат. Оның ерекшелігі жай ғана кавер жасау емес, танымал кинолардың саундтрегін домбырамен орындау. Жақын күндері шықса да, жарқ етіп, өз ерекшелігін көрсете алған Темір дәл қазір "Тақтар ойыны" және отандық "Рэкитер 2" фильмдерінің санудтрегін ойнап берді.
Осындай жұрттың тасасында қалып кетпей, өзінің қолынан келгенін пайдаланып, жұлдыз болуға тырысқан жастардың ісі, әлбетте, құптарлық. Барлығына алдынан жарылқасын дейміз. Тек ерекше стильде шығу үшін, артық қыламыз деп тыртық қылмаса бопты.

Ал KazTube порталы кез-келген жастың насихатын арттыруға әркез дайын!
Әрі қарай

Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды

Сәуір айында 5-маусымы басталатын Тақтардың ойыны сериалының биылғы алғашқы суреттері жарияланды.

АБАЙЛАҢЫЗ: Спойлер болуы мүмкін!!!

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Дейенерис Таргариен

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Серсея және Мерин Трэнт — Король гвардиясының мүшесі

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Тормунд Дәу Өлімі — тағы, Манс Шапқыншының адамдарының бірі

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Арья Старк көйлек киген қыз болады деген ақпарат болған екен, бірақ олай болмайтын сияқты

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Томмен Баратеон – Король Роберт Баратеон мен Серсея Ланнистердің кіші ұлы, бірақ биологиялық әкесі әрине Джейме Ланнистер

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Мелисандра — сиқыршы, Асшай көлеңкелерінің дуалаушысы, Станнис Баратеонның кеңесшісі.

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Бриенна Тарт пен Подрик Пейннің сапарлары әлі жалғасатын сияқты

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Маргери Тиррел мен Серсея Ланнистер

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Әлсіздердің қорғаны, залымдардың жауы — Хай Спэрроу

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Доран Мартелл — Дорн принці, Күн Найзасының лорды, Дорнның бас лорды және билеушісі

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Эллария Сэнд — өткен маусымда Тау өлтірген Оберин Мартеллдің көңілдесі және Арео Хотах — Доран Мартеллдің күзет басшысы (жаңа кейіпкер)

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Джон Сноу, Станнис Баратеон және Давос Сиворт

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Санса Старк пен Шынашақ

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Миссандея мен Сұр Құрт

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Өрмекші лақапты Варис және Тирион Ланнистер

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Русе Болтон, оның бастарды Рамси Болтон және Семіз Уолда Фрей (Русе Болтанның әйелі)

Киностан: Тақтардың ойыны сериалының 5-маусым суреттері жарияланды
Серсея мен Джейме
Әрі қарай