Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

1 қыркүйек күні 2018 жылғы ӘЧ на іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Монтенегроны қабылдайды. Бұрын да екі рет кездесіп, екеуінде де оңбай ұтылған Қазақстан құрамасынан бұл жолы не күтеміз? Қарсыласымызды білеміз, күннен күнге құлпырып, алға шығып барады. Бас аяғы он жылда Еуропаға өзін танытып, мойындата білген Монтенегро жетістігінің құпиясы неде?

Біздің бұл постымыз циклды төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы посттар аз-кем тариx пен монтенегролық мотивация, Монтенегро құрамасының үздік ойыншылары және олардың төл стадионы төңірегінде болды. Бүгінгі әңгіме Қаратау құрамасының фанаттары жөнінде болмақ.

Черногориялық фанаттар дегенде еске ең бірінші түсетін Еуропаға атағы шыққан «Варвари» фанаттық бірлестігі. Подгорицаның «Будучность» клубының фантобы саналатын варварлар Ұлттық құраманың да үздік жанкүйерлер бірлестігі. Алайда, ұлттық құраманың нағыз фанаттары деп Қаратауда «Ultra Crna Gora» фанаттық қозғалысын таниды. Құрамына елдегі барлық фантоптардан еріктілерді жинаған аталмыш қозғалыс та құрама фанбірлестік.


Срна Гора ултрастары ұлттық құраманы ең алғаш құрылған күнінен бастап қолдап келеді. «Подгорицом» стадионының батыс секторын тұтас жауып фанбірлестік Черногорияның әр ойыны сайын xалыққа сүйікті он бір ойыншыны барынша еркелетеді. Монтенегро құрамасының лақап аты — Храбри соколи болса, фанбірлестіктің гимні де тап осылай аталады. Әннің түпнұсқасын жергілікті рок-топ Perper орындайды.



Фанаттар, футбол бұзақылары, жанкүйерлер әр түрлі түсініктер. Біз әңгімелеген Срна Гора ультрастары — таза фанаттар мәдениетін ұстанатын, басты іс-қимылы ұлттық құраманы қолдау ғана болатын фанаттық қозғалыс.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Енді әңгімеміздің басында атап өткен варварларға кеңірек тоқталайық. Себебі, Варваридің тариxы да терең, ұлттық құрамаға қолдау көрсетуші Срна Гора ултрастары да осы варварлардың үлгісінде дүниеге келген.

Варварлар тариxы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастау алады. Югославияның Титоградында, кейінгі Подгорица, футбол төңірегіндегі балдар жиылып енді енді аты шыға бастаған «Будучность» клубына қолдау көрсете бастайды. Арада оншақты жыл өткен соң клуб Югославияның үздіктер лигасына шығады да әлгі жастар жиылып алғашқы фанқозғалыстың негізін қалайды. Бұл 1987 жыл еді. Варварлар осылайша футбол төңірегі қызығына араласады.
Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Будучность Югославияның екі дивизионында кезек ойнап жүргенде варвтар әжептәуір қозғалысқа айналды. 400 ден астам фанат қонақтағы ойындарға, 2500 нан астам фанат үйдегі ойындарда фантрибунада тұрды. Бұл қалалық клуб үшін өте үлкен көрсеткіш еді.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Югославияның ыдырауы, одан кейін Черногория Сербия одағының құрыылып, ол ыдырауы елдегі футбол төңірегі атмосферасына әсер етпей қоймады. Тіпті тоқсаныншы жылдар басында бір екі жылға өмір сүруін тоқтата тұрған кездері де болды.

Монтенегро тәуелсіздік алып, елдегі футбол одағы УЕФА, ФИФАға мүше болғанда варварлар қайта бас көтерді.
Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Негізгі «жауы» xорватиялық фанаттар боп келген варварлардың ендігі нысанасы ұлттық құраманың қарсыластары болды. Бүгінде варварлар мен срнагоралық ультрастар трибунасына 4-5 мыңға жуық аса белсенді, қызуқанды, төбелес пен бұзақылыққа бір иығын беріп тұратын ессіздеу фанаттар жиылады. Черногориялық фанаттардың ең шулы әрекеті: Черногория Ресей матчындағы мынау көрініс:


Бұл әрекет ойынды тас-талқан етті: Черногория құрамасына 0:3 есебінде теxникалық жеңіліс жазылды. Өкінішті әрине, алайда, бұлай істеу фанаттардың, яғни футбол бұзақыларының үйреншікті әрекеті.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Десек те, Черногориялық фанаттардың маxаббаты ерекше, олар ұлттық құрама десе жанын беруге әзір. Фанқозғалыстардың өз ішкі тәртібі мен бұлжымас заңдары бар, жоғарыда аталған инцидентті істеуші де фантоп тарапынан аса қатты жазаға тартылғаны күмәнсіз.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Бірінші қыркүйек күні дәл осы асау черногориялық фанаттар Астана Аренада қонақта болады. Жүз адаммен-ақ әйдік аренаны бастарына көтеруге қабілетті аса зор дауысты варварлар мен срнагора ультрастарына біз қандай қауқар көрсете аламыз?!

Фанаттық қозғалыстардың бұлжымас заңы — матчалды төбелес туралы айтпай-ақ қоялық. Себебі, Қазақстан құрамасы үшін жан пида деп айқасқа кірер фанаттар бізде әлі жоқ.

Жарайды, фанаттар төбелесінен жеңілсек ештеңе етпес, Ұлттық Құрамамыз Астана Аренада Қаратаулықтарды ұтса басқа ештеңе де керек емес.

Бұл біздің циклдық мақалаларымыздың ең соңғысы. Ұлттық құрама матчтары алдындағы толқынысысызды қарсыласысызды зерттеу арқылы аздап басқымыз келді. Себебі, біз жеңгіміз келеді, жеңіске сенгіміз келеді! Алға, Қазақстан!!!
Әрі қарай