Кіржиген көзқарастың жадырауы: Жайдарман, финал

Бар жанарды жаулаған жайдарман ашық!
Жоғары лигада соңғы рет осылай дегелі 1 ай өтіпті. Жайдарманның ақтық сайысы өткелі дегенім, әлбетте. Конгресс-холлдың балконы да лық толған сол күні кей жанкүйерлердің отырысынан тұрысы көп болған шығар.
Естелік ескіре бастағандай, еміс-еміс есімдегін жуырда болған эфир қайта жаңғыртты. Енді? Шоламыз ба, қайтеміз?
Ок. Сонымен, бұл күні ойнаған ұжымдар мынадай атаулармен топтасқан жастар еді:
1. Аягөз құрамасы, Аягөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;
2. Сырдария құрамасы, Жетісай қаласы, Мақтарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы;
3. Сағыз құрамасы, Сағыз ауылы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы;
4. Жаснар, Алматы қаласы;
5. Күлтегін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал

Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, бірінші жартылай финал
Жоғары лига. Үлкен үзіліс. Соңғы 1/4 финалдық ойыннан кейінгі мерзімді айтам. Оның аралығында маусымға тиесілі жазғы фестиваль болғаны аян. Ол жерде жартылай финалға берілетін қосымша жолдаманы екі команда әділ түрде ұтып алған болатын: Павлодар жастар құрамасы және Сырдария құрамасы, ОҚО.
Залдан қарағаннан кейін эфирден де қараудың реті туды.
Тарих маусымы жалғасуда. Жюриде бірнеше өзгеріс. Төрт сайыс, бес команда, бес қазы.
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші 1/4 ойын

Екінші күнде де ғимаратқа кірудегі іркілістер жалғасты. Әдеттегідей, уақытынан қазақтарша кеш басталды.
Алдыңғы шолулардан байқағаным — ең терең, түбір-қобырымен талдайтыным — сәлемдесу екен. Әр әзілді шайнауға тырысу тек осы сайысқа тән. Ол заңды да шығар, себебі, бұл сайыста әр кезекті минатюра, элемент, қозғалыс — күлкілі болуы керек. Есесіне, фристайлдық, еркіндік бар. Ал соңғы сайыстар әдетте өзі тұтас бір нөмір болады. Деп өзім түйіп отырмын.
Әлқисса, өткен шолуымды қарасам, біршама мейірімді болған сияқтымын. Бұл қателік енді қайталанбайды.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екінші 1/4 ойын
Сәлемдесуді Күлкі терапиясы, Қарағанды бастады. Сап, тізбек. Кененнің «Көкшолағы» жайлы бастапқы нөмір — қызық, бірақ бәрібір ағартушылық функциясы басым. Былай-былай енді, болады. "...Әннің тарихын жақсы білетін КТ" — типі тарих маусымына байланыстыру, әйтеуір үйтіп-бүйтіп әкеп телу. Қайықтың үстінде — біршама тапқыр. Бидің ырымын жасады — мен жымидым. Бірақ кей фронтмендердің қимыл қораштығына. Өй, қойш… :)
Әрі қарай

Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын

Эфир уақыты өтті, бәрің қарадыңдар ма?
Екінші ойын, қысқасы. Тарих маусымында — тарихта қалуды мақсат тұтқан командалардың (бәрі емес сияқты, былай) кезекті бестігі ойнады. Жюриде бірлі-жарым өзгеріс бар. Негізі, бұл — дұрыс үрдіс. Тың көзқарас, жалпы алғанда, барлық жерде керек.
Өнер-білім бар жұрттар: Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын
Әрі қарай