Turkvision-2014 туралы

Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Түгел түркі баласы көз тігер #Turkvision2014 байқауының іріктеуін де көрдік. Шоубиздің даму жолына, бағытына қызығушылық танытатын жанның бірі ем. Бұл да бір нысан болды. Байқау ұйымдастырушылары өте жақсы дайындалыпты. Сахна сайлы, зал жайлы. Пирамиданы айтам. Жарқ-жұрқ еткен шамдар, көз жауын алар декорация, мың құбылған экран...
Блог - kokbori: Turkvision-2014 туралы
Жә, ауыздың суын ағызы бермей, тойдың өзіне келейік. Барлығы туралы әңгіменің қажеті жоқ, өзім ұнатқан немесе ұнайтын әншілер туралы сөз еткім келді. Бардық. Көрдік. Көрген бойда МАРХАБА СӘБИЕВА деген керемет әншіге тап болдым. Бірақ неге керемет екенін, несін ұнатқанымды білмеймін) Әйтеуір әлі тамсанып отырмын.
Әрі қарай

Арнайы kaztube.kz қолданушылары үшін қазақ эстрадасындағы жұлдыздардан эксклюзив сұхбаттар

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов клиптерінің бәрін Қазақстанда түсіреді. Ол: «Көп әртістеріміз шетелге барып, клип түсіріп келгенді ұнатады. Өкінішке қарай, ол клиптердің бәрі халыққа ұнап кетіп жатқан жоқ. Мен отандық клипмейкерлермен әрі сцеранист ретінде, әрі режиссер ретінде жақсы тіл табысып жұмыс істей аламын,» — дейді. Әлидің әрі әнші, әрі биші қасиетінен бөлек режиссерлік, сценарий жазушы ретінде де өнері бар екенін сұхбатымыздан білдік.

Көпті актерлығымен тәнті еткен «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов өз өнерін керемет бағалайды. Керемет рөлді сомдау қолынан келгеніне өзі де таң қалуда. Кино барысында ғана емес, өмірде де футболды жақсы көретінін айтады. «Мен әлі жуық 50 жыл ішінде сұраныста боламын,» — дейді актер Ерболат.

«Вокзалда танысқан қыз» атты керемет позитивті әнмен бірден танымал боп кеткен Серік Ибрагимов тойларда кейде ғана жанды дауыспен ән айтады екен, көбіне фонограммамен ән салады. «Жанды дауыспен ән салғанды талап ететін концерттеріміз көп болса екен. Сонда бәріміз жанды дауыспен өнер көрсететін едік,» — дейді Серік.

Сахнамызға этно стильді сәнге айналдырған, ұлттық аспаптардың құнын арттыра түскен әншілердің қатарында Алашұлы тобы алғашқы қатарда тұрады. Әні де, қазақи мінез де, биі де, бәрі-бәрі үйлесіп тұратын бұл топты халық бірден жылы қабылдады. Тіпті, фанат қыздарының қатары да бірден артты. Осы уақытқа дейін 5 клип түсіріп үлгерген өнерлі жігіттер: — «Билеп жүріп, ән айту оңай емес. Көп еңбекті талап етеді. Түрлі қимылдар жасап тұрып, демді бір қалыпта ұстап тұру өте қиын,» — дейді. «Біздің репертуарымызда туған жерге, елге, ұлтқа деген махаббат туралы әндер бар. Ал, қыз бен жігіттің арасындағы махаббат туралы ән топтың репертуарында жоқ, болмайды да,» — дейді Алашұлының патриот жігіттері.

Сұлулығымен, өнерімен, шығармашылығымен, қылығымен жігіттерді ғана емес, қыздарды да тәнті ететін Жанар Дұғалова адамды табысқа жетелейтін алдымен адамгершілігі екенін айтты. «Адамның адамгершілігі, еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы табысқа жетелейді,» — дейді Жанар. Ал, өзін өте күйгелек, сезімтал, қызуқанды жан деп сипаттап берді. Өзінің бала күнгі орындалмаған арманы туралы да бізбен бөлісті. Сұхбатты мына сілтеме арқылы көре аласыздар.
Әрі қарай