Таңбалы тас - тарих мұрасы!

Таңбалы тас — тарих мұрасы!

Таңбалы тас- талайларды тамсандырған, әсерлілігі мен әлемді аузына қаратқан, құпиясы көп, Қазақстан өлкесінің баға жетпес байлығының бірі. Қазақ даласында орналасқан «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы- Алматы обылысына қарасты Жамбыл ауданында орналасқан. Мемлекет басшысы президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы осы бір ескіліктің ескіртпей сақтап жеткізген мұрасына жол тартып, көзбен көруге деген ынтаның ашылуына себеп болды. Тұран университеті қабырғасында дәріптеліп отырған «Насихаттау құралы ретінде өнер өнімдері» пәні көнелерді кеңінен оқытып, насихаттап қана қоймай, атам замманнан қалған асыл мұраға асықтыра жетеледі.

30.09.2017 жыл. Көптен күткен ұлы той демекші, асыға күткен күніміз де жетті. Жиырма шақты адамнан құралған тобымызбен жолға аттандық. Таңбалыға жеткенге дейін жарқырап тұрған күннің, табанымыздың Таңбалыға тиісімен күрт бұзылып сала бергеніне қайран қалдық. Ышқына соққан жел біз таңбалардың бірінші тобына аяқ басқаннан кейін әлсін-әлсін баяулап бірақ басылды. Адам жүруіне ыңғайсыз болғандықтан бірінші топты тек сыртынан бақылауға мүмкіндік алдық. Таңбалардың бұл тобында барлығы 111 сурет бейнеленген. Барлығы жеті топтан тұратын таңбалардың екінші тобынан шайтанды қуып жатқанын көрсек, үшінші, төртінші, бесінші топтардан талайдан арманымыз болып жүрген «күн баласының» бейнесін көрдік. Таңбалардың бесінші тобында бір жерде шоғырланған жеті күн баласының аңыз бойынша табиғаттың жеті құбылысымен байланысы болған деседі. Бірі найзағаймен байланысты болса, ал екіншісі күнмен тығыз байланысты.

Тас бетіндегі таңбалардың кейбірі қоңырқай түс болып тұрса, кейбірі ақшыл рең тартқан. Оның себебі: қоңырқай түстілері, бұрынғы тас бетіндегі бейнелер пайда болған замманнан бергі сақталып тұрғандары болса, ақшыл рең тартқандары одан 1-2 ғасыр бертінгі бейнелер болып саналады. Ең қызығы тас бетіндегі таңбалар кеш қарайып, көлеңке түскен кезде анық және айқын көрінеді.Сондықтан болса керек тастардағы бейнелер күннің шығысына емес батысына қарап салынған. Тек тасқа бейнеленген

таңбалармен ғана емес, қола дәуірінен қалған молалармен де танысып қайттық. Ол кездегі адамдар ана құрсағында жатқандай бүктеліп жерленген көрінеді. Сол себепті молалардың ені мен ұзындығы тым қысқа болып келген.

Талайды тамсандырған «Таңбалыға» жасаған саяхатымыз тарихымызды ұмытпауымыз керектігін, киелі жерлеріміздің қадіріне жете отырып, түп тамырын сақтап қалуымыз керек екендігінің айқын дәлелі болды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы». Дамиық, өркендейік, тарихымызды жаңа жолдармен жаңғыртайық.

Таңбалы тас-тарих мұрасы!

Келбетіңді неге бұлтпен жасырдың,

Табиғатқа сендік көркем бас ұрдым,

Естелік боп мәңгі қалар жүректе

Таңбалы сен мұрасысың ғасырдың.

Тамсанардай тарихың бар тым терең,

Әр тасыңнан құдіретті мен көрем,

Әр аттаған қадамдарым есімде

Мұра болып сақталарын білем мен.

Бұл таңбалы ғасырлардың көзіндей,

Ал таңбасы бабалардың сөзіндей,

Тамсандырған табиғаты әсте бір

Болмас егер қалды десем сезілмей.

Тарихыма көз жүгірткен бұл күнім,

Себеп болды тууына жырымның

Сырласқандай табиғатпен тынықтым,

Ашқандай бір әр таңбасы сырын мың.

Көргім келген күн баламен жолықтым,

Әсемдікке бөлеп жатқан даласын

Тастарына сызат салудан қорықтым,

Анадайын әлдилеген баласын.

Түсіндірген әр таңбаны бағып сыр,

Бұл ағайдың жүзінен нұр тамып тұр.

Гүлжан апай қосымша айтты мәлімет

Ағай сөзін толықтырып тағы бір.

«-Мақпал ән салғанда жаңбыр кенет тоқтады»,-

Деп апай күн баланың қасында сөз бастады

Құдіреті бұл таңбаның біліңіз,

Санаңызға тоқып мұны жүріңіз,

Керек болып қалар осы мәлімет

Бір жеріне журналыңыздың сызыңыз.

Деді дағы жалғастырдық сапарды,

Бұзба деумен бізге сап пен қатарды.

Бұл сөзімді жалғыз айтар емеспін,

Бәлкім ойында жүргендердің сөзі бар.

Алғыс айтып, дәрісіне ынтыққан,

Шәкірттерден АПАЙ СІЗГЕ таңбасындай өлең бар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Астана жаңалықтары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Бүгін Астана қаласы әкімдігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті бірлесіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінің бір жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік – сананы қалыптастыру негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда «Рухани жаңғыру» бардарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен игі бастамалар зерделеніп және бағдарламаны алдағы уақытта тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, талқыланды.

Ғылыми жиынға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, өткен бір жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылап болашақта атқарылар жұмыстар жайлы айтып берді.

«Бұл бағдарламаның қазақ өркениетінің дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бұған тек зиялы қауым өкілдері ғана емес, экономикалық, әлеуметтік кластер әсіресе жастар қызу араласып бағдарламаның мән-мағынасын теренңдете түсті және қалыптасқан, анықталған, белгіленген әртүрлі бағдарларда ұсынылды. Астана қаласының әкімдігі осы бағдарламаның жүзеге асуына екі жүзден астам шара өткізді. Оның ішінде тәрбие-білім, «Қасиетті Астана» бағытында көптеген шаралар өтті. Елордамыздың тарихын тануға, танытуға арналған, біздің белгілі ғалымдар қатысқан конференциялар, ашық сабақтар, студенттермен кездесулер өтті» деді Е.Аманшаев.

Осы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Елорда тарихының әртүрлі кезеңіне жататын мәдени, тарихи, археологиялық ескерткіштерді таңдап «Қасиетті Астана» атты айдарымен кітап және электронды қосымшалар етіп шығару жоспарланған.
Әрі қарай

Мәулен Әшімбаев: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру идеясы мен құндылықтарының жаршысы болуы тиіс

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен ӘшімбаевБлог - nur_otan: Мәулен Әшімбаев: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру идеясы мен құндылықтарының жаршысы болуы тиіспартия филиалдарының өкілдерімен кездесті. Партияның өңірлік, аймақтық филиалдарымен қатар ірі кәсіпорындар базасында құрылған филиал және бастауыш партия ұйымдарының басшылары қатысқан жиында Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы кеңінен талқыланды. Жиынды ашқан Мәулен Әшімбаев партиялық жаңғырудың басым бағыттарын атап өтіп, алда тұрған міндеттердің аймақтық деңгейде де аса маңызды екеніне назар аударды. Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, нұротандықтар елімізде қолға алынған жүйелі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші болуы керек. Сол үшін алдымен өзімізге партияның негізгі міндетін анықтап, идеологиялық жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап алу керектігін айтқан Мәулен Әшімбаев: – Біз бүгінде көбіне ішкі жұмыстарға басымдық беріп, солармен ғана шектеліп қалғандаймыз. Тіпті кейбіреулер Орталық аппаратқа құдды бір министрлік, ал партияның аймақтардағы филиалдарына жергілікті әкімдіктердің бір бөліміндей қарайды. Бұл Елбасымыздың партияның алдына қойған мақсат-міндеттері мен атқарар рөлін дұрыс түсінбеудің салдарынан болып отыр. Мемлекет басшысы: «Нұр Отан» – министрлік те, атқарушы билік те емес. Ол – стратегиялық күш», – деп партияның бағыт-бағдарын анықтап берді. Сондықтан біз жұмысы жүйелі әрі тиімді, міндеті айқын стратегиялық күш болып қалыптасуымыз керек, – деді. Мәулен Әшімбаев партияның жаңа бағытта жұмыс істеп, нақты нәтижелерге қол жеткізуі үшін қалыптасқан әдіс-тәсілдер мен форматты өзгертуді ұсынды. Бірінші кезекте партия жұмысына дебюрократизация қажет екенін де тілге тиек етті. Бұл, әрине, өңірлерге де тікелей қатысты бастама. Сондықтан жергілікті жерлерде нұротандықтар өздерін партия шенеунігі емес, халықпен ашық әрі тікелей жұмыс істейтін партия мүшесі ретінде көрсете білуі тиіс. Партиялық іс-шараларды таптаурын нұсқадан арылтып, қоғаммен саяси байланысты жаңаша қарқынмен қайта орнатудың да маңызы зор. Нұротандықтардың ұйымдастыруымен өтетін әр іс-шара мәнді, мазмұнды, креативті болып қана қоймай, нақты нәтижеге қол жеткізуі керек. Сондай-ақ, жиында идеологиялық жұмыстарда өңірлердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына басымдық беруі керектігі айтылды.
Әрі қарай