Ресейден көлік алғанда өтте мұқият болу керек 5 нәрсе

Сәлем, достар! Мәшне алғыңыз келді делік, ал Қазақстанның Отандық көліктерге жеңілдетілген несиесі жалған болып шықты ма? Ештеңе етпейді. Есесіне Ресей қол жетімді, сол жақтан көліктің түр-түрін алуға болады. Бірақ мына жағдайларға өте мұқият болыңыз!

Блог - FaraOn1: Ресейден көлік алғанда өтте мұқият болу керек 5 нәрсе

1. Алған көлігіңізді Ресейдің тіркеуінен шығару.

Бұл үлкен, әрі жауапты процесс. Кейде сіз алған көліктің иесі сізбен бірге ГАИ-ге барып, авто тіркеуден шыққаннан кейін ақшасын алады. Онда еш уайымдамайсыз. Ал көбіне көлікті тіркеуден өзіңіз шығарасыз(Ресейде ол мүмкін екен, бізде солай болса ғой). Ол үшін сатушымен арада екі жақты келісім-шарт жасайсыз. Сосын сатушы қолыңызға сіздің болашақ көлігіңіздің ПТС-ін(көліктің паспорты төменде 1-ші суреттегідей) және тех.паспортын береді(2-ші сурет). Осы үш құжатты(келісім-шарт, ПТС, техпаспорт) алғаннан кейін ақшасын төлеп, ГАИ-ге тартасыз.

Блог - FaraOn1: Ресейден көлік алғанда өтте мұқият болу керек 5 нәрсе

Блог - FaraOn1: Ресейден көлік алғанда өтте мұқият болу керек 5 нәрсе

1. Сату және сатып алы келісім-шарты(договор купля-продажи)

Ұнатқан көлікті алатын болсаңыз мейлі көліктің иесі болсын, мейлі автодиллер болсын келісім-шартты қолдан толтыра салмаңыздар. Ол үшін орыстың әдемі қыз-келіншектері отыратын арнайы офистер бар, сонда барыңыз.
Себебі 1: Сату-сатып алу келісім-шартының өзінің толтыру жолы бар. Әгәрәки, бір қате кетсе, келісім-шарт жарамсыз деп танылады. ГАИ тіркеуден шығармайды. Сізге көліктің иесін іздеп, қайта келісім-шарт жасауға тура келеді.

2. Тыйым салуға(арест) тексеру

Бұл екінші себеп. Кейбір «перекупщиктер» дайын келісім-шартпен жүріп, ешқайда бармай толтыра салуға үгіттейді. Бәрін білемін деп көндіруге тырысады. Бірақ оған көнбеңіз. Себебі мүлікке тыйым салынған(арестте тұрған) болуы мүмкін. Ондай болса көлікті тіркеуден шығара алмайсыз. Сондықтан келісім-шарт жасайтын офисте алдын ала осының барлығын тексеріп береді. Немесе Ресейдің Госавтоинспекциясының ресми сайтынан өзіңіз біле аласыз.

3. Шанақ(кузов) нөмірін тексеріп алыңыз

Алып жатқан көліктің шанағының нөмірі ПТС нмесе техпаспорттағымен сәйкес келетінін тексеріп алған жөн. Әйтпесе неше түрлі алаяқтар бар, көліктің орынына құр құжат сатып алып жүрмеңіз дегенім ғой)))

4. Сеніңіз, бірақ тексеріңіз

Офистегі отыратын қыздардың ішінде де «блондині» бар. Я сауатсыз, я жауапсыз. Сіз оған бәрі дұрыс болсын деп ақша бересіз, ал ол қате жібереді. Сондықтан ГАИ-ге сенімді бару үшін дұрыс толтырды ма, жоқ па тексеріп алыңыз. Ол үшін келісім-шарт қалай толтырылатынын біліп жүрген абзал. Екіншіден ПТС-те көліктің мәліметтерімен қатар неше иесі болды соған дейін көрсетіледі. Келісім-шарт ПТС-те көрсетілген соңғы иесімен жасалу керек. Сонымен қатар сол ПТС-ке жаңа иесі ретінде сіздің данныйларыңыз жазылып, оған сіздің және сатушының қолы қойылады. Бұлар дұрыс болмаса ГАИ-де жағдайыңыз қиын болады.

5. Қазақстанның кеденінде талонды алуға ұмытпаңыз

Аман-есен көлікті Ресейдің тіркеуінен шығарғаннан кейін, ұмытуға болмайтын тағы бір мәселе бар. Яғни Қазақстанның шекарасын өткен кезде кеденшілерден көлік әкеле жатырмын деп, талон алып алыңыз. Оны толтырғаннан кейін, печать басып береді. Бұл құжатты мекен-жайыңыз бойынша көлікті тіркеуге қояр кезде ГАИ-ге бересіз.

Негізі осы. Ал алда-жалда келісім-шарт дұрыс толтырылмай, я ПТС-ке атыңыз жазылмай қалып, инспектор құжаттарыңызды қайтарып берсе, байбалам салуға асықпаңыз. Мәселеңіздің құны 10 мың рубль. Бұндай жағдай біздің де бастан өтті, осы проблемаға ұрынған басқа қазақтарды да көрдім. Құжаттарымды қайтарып берген инспектор «мен бірінші, әрі соңғы емесімді» айтқан болатын. Сондықтан біле жүргендеріңіз дұрыс. Немесе Ресейге таныстарыңыз көлік алуға кетіп бара жатса, ескертіңіз.

Айтпақшы ұмытып бара жатырмын, Ресейде алған көлігіңізге страховканың қажеті жоқ. Заң бойынша келесі тіркеуге қойғанша 10 тәулік сақтандырылмай жүре аласыз.
Әрі қарай