Теңгенің құны қандай болады

Ұлттық банк басшысы Марченко таяу уақытта теңге девалвация болмайды деп айтыпты.
Осыны естіп менде мынадай ой туып отыр. Қазір айлықты, степендияны көтеріп жатыр. Ол көтерілді екен деп баға да көтерілуде. Мемлекет жалақы мен жәрдемақыны ненің есебінен көтеріп отыр? Самұрық Қазынадан алып беріп жатыр ма? Менің білуімде инфлияция себептерінің бірі мемлекеттің ақшаны көп шығаруында еді. Одан кейін экспорттан импорт көлемі артып кететін болса да бағаның көтерілуіне алып келеді. Және мемлекет қазынасындағы қаржының көлемі өнімнің көлеміне тең болады. Бізде мысалы ақша көбейгенімен өнімнің көбейгенін төрт көзім көрер емес. Марченко мырза неге сүйеніп айтты екен жоғарыдағыны. Әлде, мұнда мен білмейтін бір нәрсе бар ма?
Әрі қарай