Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы

Блог - Marco: Домбыра Party: Алма жауған күн және Алмас Алтайдың жаңа домбырасы
«Біздің ауылда мен сияқтыларды әнші санамайды» — деп еді бірде Алмас. Рас шығар. Алайда өзін әнші атап жүрген кейбіреудің қасында, Алмасты тыңдаған құлақтың өкпесі жоқ. Дәлел керек пе? Міне! Кешегі Party-де Алмастың өнеріне тәнті көрермендері (Назарбаев университетінің ұстаздары мен студенттері) арнайылап әкеп, домбыра сыйға тартты. Алмасты білмеймін, мен мәз болдым!
Әрі қарай

Blogcamp 2012

Әні-міне деп Блог Құрылтайды да өткізіп тастадық. Бәрі өте тамаша өтті. Астаналық ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін.

BlogCamp: Blogcamp 2012

nnk және мен
Астананыда көрдік, көптеген
Әрі қарай

Блогқұрылтай: Менің де айтарым бар...ұнағандар жайлы

Әне-міне дегенше, блогқұрылтай да өз мәресіне жетті. Алғаш рет қатысқандықтан, оған қоса Астанада Назарбаев университетінде өткендіктен әсері көп болды. Тағы Наурыз мейрамы қарсаңында! Көбінесе, виртуалды кеңістікте пікір алмасатын, сөйлесетін блогшы достармен осында келіп, танысудың әсері де бөлекше екен. Керекинфода рейтингісі жоғары, танымал, «жұлдызша» блогшылар «сатыбалды, марго, алдекен, мадлен, айкона, айжантабын, эстетика91, АКА, Теріскей» тағы басқаларын, «тірідей» көріп, "әәә осы екен ғой" деп, тесіле қараған сәтімізді ұмытпаймыз. Қыз екен деп жүрген «марго» Маралтай деген сары жігіт болып шыққанын білдім. Бір білмегенім, керекинфода отырып, жұртты «жылатып, құлататын» сатыбалды сол кезде қайда жүрді? Иә, әрбір сұраққа «бетің бар, жүзің бар» демейтін бетпақ жауап, әр жауапқа қитұрқы, қисық, қыңыр, қызық коммент жазатын сатыбалды құрылтай бойы төбесін көрсетпеді. Ол бір жұмбақ блогшы болды менің білуімше. Бір білсе біреулер білер… Не десек те, құрылтайдан көп жаңалық әкелдік, пайдалы ақпараттар алдық. Белсенділікті, қызығушылықты, ұйымдастырушылықты байқадық. Талғат ағай деп жүргеніміз, жап-жас жігіт болып шықты. Мәселен, күнде сөйлесетін Тотының өмірде қандай екенін Семейге барып білуге мүмкіндік жоқ, оған да құрылтайда мүмкіндік туды. Ашық жарқын, аузын ашса, жүрегі көрінетін Тотының тайм-кипер болып бүкіл дәрісхананы үйіріп отырғаны ұнады. Ал, мектеп оқушысы Мөлдір деген қыздың да ынтасы зор екен. Ол да ұнап қалды. Презентациялар көп болды. Тәжірибе алмасу, пікір алысу, ой бөлісу алаңында әркім өз білгенін ортаға салды. Қуаныш деген блогшының жұмысы ұнады. Қысқа, әрі нақты. Идеядан — бизнеске! Ал, Тимур деген баланың интернет журналы ұнады. "ІТ тірлік" — атын ұтымды ұйымдастырыпты. Болашағы бар! Ал, енді қараңыз, бір Шымкентте жүріп, білмейтін, танымайтын Ербол Серікбайды осында келіп таныдық. Ерекше ойы, қабілеті-қарымы, талпынысы ұнады. Шымкентте дәмін татып үлгермеген наурыз көжені Астанада «сіміріп ішу» бұйырыпты. Кейіннен білдік, наурыз көжені «дайындаған» Алдекен екенін. Ұнады. Бөлекше екен. Дәмі тіл үйіреді. Құрылтайда ең бір пікірсайысқа түскен тақырып — келесі құрылтай қайда өтеді? Әркімнің өз ұсынысы, пікірі болды. Қауымдастық құру өз алдына бір әңгіме. Бұл мәселе әлі де талқылауды қажет етеді.Өйткені, құрылтай өткізетін аймақтың барлық жағынан мүмкіндіктерін ескерген жөн. Алматы ма, Шымкент пе, Семей ме, Атырау ма? Оны да уақыт көрсете жатар. Бастысы — ұйымдастырушылықты күшейте түсу.
Әрі қарай

Аспаны қабақ ашпаған Астана және "Құрылтай-2012"

Иә, дәл былтырғыдай блогшылар жарыса талай-талай жазбаларды жазып-ақ жатыр. «Тойдын болғанынан боладысы..» демекші, бір күнгідей болмай, зу етіп өте шықты. Астанада өткен құрылтайдың да блогшылар үшін орны бөлек болатыны даусыз. Препати, сәулетті университет, жинақы пәтерлеріміз, баяндамалар, шулап-шұрқыраған блогшылар, танысулар… тағысын тағы… оның бәрі көз алдымызда, қайталап жазудың қажеті жоқ шығар. Ең бастысы, Астаналық блогшылардың қолдарынан келгенше атқарған еңбегі еш кетпеді. Не керек, Талғат ескерткен соң, универ ішіндегі бассейнге түспей, абырой болғанда ешкім балконнан құламай, құрылтайды аман-есен өткердік!
Әрі қарай