Мен оқыған бір кітап

«Мен оқыған бір кітап»
«Құдай-ау қайда сол жылдар,
Махаббат қызық мол жылдар»
1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері,Қазақтың Республикасының халық жазушысы, белгілі журналист, Шығыс Қазақстан облысының, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылында 1922 жылы 15 желтоқсанда дүние есігін ашқан,Қазақтың мандайына біткен жарық жұлдызы, тек қана ақиқат пен ерлікті, махаббат мен достықты жырлаған, «Тоғыз толғау», «Қаламгер және оның достары», «Ақиқат пен пен аңыз», «Өмір өрнектері», «Мен-журналистпін»атты еңбектерімен, жүрек жарды әңгімелерімен халықтың жазушысы атанған, «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты» атағына ие- Әзілхан атамызға мың тағзым!
Өмірінде екі жанға ғашық болған, махабатты негізгі үш топшаға бөлген: бала махаббат, шала махаббат, мәңгілік махаббат деп өз пікірін кітапқа басып жызып шығарған, Әзілхан атамыздың мен оқиған бір кітабы- «Мәңгілік махаббат жыры». « Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен» бірдей деген екен Лев Толстой. Жүрегіме жақын бұл кітапта Әзілхан атамыздың бала кезіңдегі махаббаты Орынкешке берген уәдесі,ғашықтық сезімі туралы, Әзілхан ата Алматы Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университеті (ҚазҰУ) филология мамандығына оқуға түсіп, Орынкеш апамыздың Семейде оқуы, бір-біріне хат жазысып отыру жайлы болмақ. Бірақта кейінгі кездері Орынкеш апамыздан хат келмей Әзілхан атамыз Алматыдағы оқуын таста Семей қаласына Орынкеш апамыздың интернатына келіп бір сұлу қызға Орынкешті шақыруды сұрайды. Бірақ, Орынкеш апамыз бармайтының айтып,ұмытуын сұрапты. Оны өзінің жан құрбысы Халима апамыз көзіне жас толып, Орынкештің сөздерін жеткізеді.Сол кездегі Әзілхан атамыз Халиманың көз жасын сүртіп, жыламауын өтініп, дәл сол сәттері Халиманың боталаған көздеріне, жылы сөздеріне ғашық болып қалған. Халима апамыз бір-біріне 9 жыл ғашық болады. Одан кейін 54 жыл бойы бір шаңырақта өмір сүреді.Әз атамыз 7 жыл бойы Ақбұзау ауылындағы қара шаңыраққа Халиманы келін етіп түсіріп,өмірлерін баянды өткізеді. Қазақта «Ана-бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген дәл сол секілді Халима апамызда тамақ істей жүріп, радиодан жаңалықтар естей отыра,іс машинкамен іс тігіп отырып барлық шаруаны бәр мезетте істейтін дарынды, аяулы жар болған. «Халиманың ең алғаш ана атануы,әйел бақытын жүрекпен сезінген сәті әлі есімнен кетпейді» дейді Әзілхан атамыз. Ең алғаш екеуі екі нәрсеге уәделескеніні жайлы айтылады. Бірі: егер бұл дүниеден екеуміздің біріміз кететін болсақ, екіншімізде о дүниелңк боламыз делінген ал, екінші уәделері алғаш, тұла бой тұңғышымыз қыз болса есімін-Жанна деп қоямыз десе-ді.Әзілхан атамыз сапарлатып жүрген сәтінде бұл дүниеге Жанна есімді бойжеткен келеді.Жол жүріп қуаныштан үйіне жеткен Әз атамыз Халима апамыздың жанарынан әйелдің бақытын сезінеді, Жаннаны қолына алып қуаныштарында шек болмайды. Бірақта, осы бір қуаныш ұзаққа созылмай,40 күнге жеткенде Жанна суық тиіп қатты ауырып бұл дүниеден озады.Сол сәттен кейін ауылдан көшіп, пойызға мінгенен кейін кішкентай ғана Жаннаның тамын көріп, мұңға толып сапарға шыққан екен.
Ғашықтық деген ғажап қой,
Тірліктің алтын айдары,
Тірілер ғашық болу заң
Ғашықтық өмір қайнары
Деп Әзілхан атымз айтпақшы, біздерге қалдырған үлкен өсиеті Алматынның Алатауына қос ғашық келіп, бізге тағзым етіп, естеріне түсірсе, сол бір Алатаудан самал жел келсе ол біздің сендерге деген батамыз, ақ пейіліміз деп түсініндер делінген.
Мұндай қазақтың жарық жұлдыздары,қазіргі заманның «Қозы Көрпен пен Баян сұлудай»махаббат, адал ғашықтық сезім иесі-Әзілхан атамыз бен Халима апамызға мың тағзым!
Енді сіздей ұлы тұлға,қаламгер бұл дүниеде туылмас! Менің ең сүйікті, жазушым, дарабозым!
Әрі қарай

Мәңгілік махаббат жыры

Блог - Tasbolat: Мәңгілік махаббат жыры«Махаббат, қызық мол жылдар» романы қазақ оқырмандарының ішіндегі ғашық бола білген әрбір жүрек иесінің жастығының астына қойып, сүйіп оқитын кітабы бола білді. Ондағы кейіпкерлер, олар арасындағы кіршіксіз сүйіспеншілік, махаббат оқиғалары талай оқырманның көзіне жас алдырғаны белгілі. Шығармадағы Ербол мен Меңтай өмірде болғанымен, жазушының мұншама ғашықтықты қолдан жасап, құйып шыққан тұлғалары. Шын мәнінде Ерболдың (Әзілхан Нұршайықов) Меңтайға (Нұрғалима) деген сүйіспеншілігі, шексіз құрметі бөлек әңгіме. Ал негізінде бұл романдағы Меңтай образын сомдауда аяулы жары Халиманың болмысы әсер еткендігін жазушы сұхбаттарында да айтады. Енді осы қос ғашық жайлы әңгіме өрбіткенді жөн көрдік. Ғашықтардың танысуы әуелде былай басталыпты: Әзілхан Нұршайықовтың өз әңгімесінде ең алғаш рет 1936 жылы он төрт жасында Орынкеш есімді қызға ғашық болғаны жайлы айтылады. «Үш жыл ішінде Орынкешке 100 хат жазыппын» дейді тағы бір әңгімесіне. 1939 жылдың соңына дейін ғашықтық сезімі үзілмеген бала ғашықтардың соңғы әңгімесі Әзілханның Халимамен танысуына мұрындық болады.
Әзілхан Нұршайықов: — Қыркүйек айында оқу басталды. 5 қыркүйек күні қызымды іздеп, ол оқитын мектептің жатақханасына барсам, есіктің алдында отыратын кемпір: «Бұл араға келуге болмайды, аулақ кет», — деп ішке кіргізбейді. Не істерімді білмей тұрғанымда, мектеп жақтан шашы қиылған, аяғына детдомский бәтіңке киген бір аппақ қыз келіп қалды. Интернаттың киімін киген қызды тоқтатып, Орынкешті сұрадым. Ол Орынкешпен бірге оқитынын, бір бөлмеде тұратынын айтқанда: «Орынкешті шақырып жіберші» деп өтіндім. Дереу шақыратынын айтты. Шақырушы қыздан да жауап жоқ. «Не боп қалды екен?» деп дегбірсізденіп мен тұрмын. Әлден уақыт өткенде, аппақ қыздың өзі ғана шығып келеді. Тымпыңдаған аяғына тас байлап алғандай ілбіп басып, әрең қасыма келді де, басын төмен салып, үндемей тұрып қалды. «Орынкеш келе ме?» десем: «Жоқ. Енді келмесін, маған көрінбесін деді» деген сөзін әрең үзіп-үзіп айтты. Мынадай сөзді естіген мен еріксіз жылап жібердім. Сол үшін Алматыдағы оқуымды тастап келгенде, көрінбесін дегені несі деп жабырқадым. Жылап тұрып, қасымдағы қызға қарасам, ол да жылап тұр. «Сен неге жылайсың?» десем: «Саған жаным ашып кетті» дейді. «Саған жаным ашып кетті» деген сөзі жүрегімді дір-р еткізді. Мынау нағыз тазалықтың, адамгершіліктің белгісі ғой деген ой келді…
Халима Өзақанова: — 1936 жылы Семейде №11-мектеп ашылып, қазақша білім алуға көштім, 6 класқа бардым. Класымызға Жарма ауданының, Ақбұзау ауылынан Орынкеш деген қыз келді. Әзілхан деген дос жігіті бар екен. Екеуі бір ауылдан. Әзілхан жеті жылдық мектеп бітіріпті. Педучилищеде оқиды. Орынкешке қырындап келіп тұратын. Бірде: — Халима, Орынкешті шақырып берші, – деп өтінді. — Орынкеш, сенің жігітің іздеп келіп тұр десем, шықпайды. Қалаға келген соң, көңілі өзгелерге ауған ба, әйтеуір құлықсыз. Әзілхан да келуін кілт тоқтатты.
Әзілхан Нұршайықов: — Міне, сол қызбен Семейдің облыстық кітапханасында жиі ұшырасып қап жүрдік. Әр кездескен сайын Орынкешті сұраймын. Ара-тұра Орынкешке арнаған өлеңдерімді беріп жіберемін. Ертеңіне: «Жауап жазды ма?» деймін. «Жоқ», — дейді ол. Үш жылдың ішінде Орынкешке 100 хат жазыппын. Осылайша ортамыздағы хат тасушы, дәнекер, өте адал қызбен достасып кетіп, Халимаға ғашық болдым. Бірақ, оған ғашық екенімді білдіргенім жоқ. Өте тату, дос болып жүрдік. Бер жағым – дос, ар жағым – ғашық. Ол менің түпкі ойымды сезе ме, сезбей ме, білмеймін. Тіс жарып айтпайды. Бірақ, маған деген достық қамқорлығында қапы жоқ болатын. Ылғи жанашырлық жасап жүретін. Өзара достық хаттар да жазысатынбыз.
Халима Өзақанова: — Мен кітапқұмар едім. Сол кезде Гоголь атындағы қалалық кітапханада кешкі 10-ға дейін сарыла кітап оқимын. Әзілхан да кітапсүйер жігіт екен. Екеумізді Семей кітапханасы табыстырды. Күнде кешкілік шығарып салады. Алғаш бозбала Әзілханның қолының ыстық табын, жүрек жылуын тұла бойыммен сезінген сәтте, қып-қызыл болып, ұялып төмен қарадым. Қолымды тартып ала қойдым… "Қол ұстасып бақыт жырын шертеміз дедік"
Міне, осылай табысқан достық ұлы сезімге айналады.

(Мақала Әзілхан Нұршайықов пен Халима Өзақанованың көзі тірісінде әр басылымға берген сұхбаттарынан іріктеліп жазылды)
Әрі қарай