Балалық шаққа хат

Блог - VKM: Балалық шаққа хат
Балалық шағымнан қалған бір сурет.Жаз. Таңертең.Күн бұлттардың арасынан жерге күлімдеп қарап тұрған сияқты.Кіп-кішкене қыз,әппақ көйлегі мен қызыл тәпішкесін киіп алып,үлкен үйден шығып, ауладағы барлық жануарлармен амандасып болған соң,үлкен ас үйге кіреді. Дастархан басында атам, апам, Мінар апам әңгімелесіп, шай ішіп отырады. Үлкендер ол кіргенде абыр-дабыр болып қалады. Айналадағы барлық адам оны жақсы көреді…
Мен көшедегі балаларды да, тіпті өзімнің папам мен мамады да керек етпей, атама еріп жүре беретінмін. Қазір де атам есіме түссе, бірден жылағым келіп кетеді, себебі атам екеуміздің жанымыз бір болатын.Кейін, біз Өскеменге көшіп кеткенде мен ауырып қалсам, атам сол күні телефон соғатын, Мәкөтайым қалай деп. Атам қайтыс болғанда,7 жаста болсам да, атаң емделуге Алматыға кетті деп айтпай қойған.Эх, атам…
Бала болып ойнағаным есімде жоқ, Лида, Лиза деген егіз немістің қыздарымен ойнайтынмын, болды. 5 жасымнан биге барғанда-менің ойыншықпен ойнаған балалығым бітті, Барбиларды,қонжықтарды, пазлдарды, леголарды ойыншық салатын коробкаға салып, жауып тастадым. Себебі мен өзіме ертегілер әлемін аштым.Басында мамам айтып беретін, сосын видеоларын көретінмін, кейін оқып үйренген кезде, мен үшін ең үлкен «кайф» ертегі оқу болатын. Өзімді сол кейіпкерлердің орнына қойып, керемет принцке күйеуге шығып,ұзақ, бақытты өмір сүріп жүретінмін))
Осы жерде кейбір керекшілердің балалық шақтары туралы жазғандарын оқып,қызығамын. Мен олар сияқты алысып-жұлысып,үйге келмей, не кір-кір болғанша ойнамағанмын. Менің балалық шағым «тыныш» өтті. Көбіне үйден шықпайтынмын,өз әлемімде ,өз қиялдарыммен болатынмын.6 күн биге барып көр, жалғыз демалыс күні үйден шығуға түк те зауқым болмайтын.Сондықтан шығар, мені жақын көршілерден басқа, ешкім танымайтын. Керісінше сіңлім Айдананы, бүкіл Қазақстан көшесі танитын.Мамам оны жоғалтып алып,іздесе, жолыққан адамның бәрі «ол жаңа анда кетті,5 минут бұрын мұнда көрдік» деп, барлық жүрген траекториясын сызып беретін.
Қалай болса да, балалық шаң-ең бақытты шақ. Егер уақыт машинасы болып: «Кері қайтасың ба?»десе қайтпас едім, себебі алда одан да артық шақтар күтіп тұр. Тек ғана алға)
Әрі қарай