Олар тағы кездеседі

Блог - AbilmansurKamzaev: Олар тағы кездеседі

Еуропада футбол маусымы басталды. Бұл дегеніміз әлем назары Ағылшын премьер лигасына ауады деген сөз. Себебі Англияның жоғарғы дивизионына осы маусымда келген бапкерлер: Антонио Конте, Вальтер Мацарри, Жозе Моуриньо, Хосеп Гвардиолаларға — Юрген Клопп(Ливерпуль), Моурисио Почеттино, Клаудио Раньери, Арсен Венгер сынды беделді мамандар бәсекелес атанды. Әсіресе Испаниялық пен португалиялық арасындағы дуэль қызық болайын деп тұр. Қос Манчестер арасындағы тартыс бұрынғыдан бетер қыза түспек. Әзірге екеуіде жеңіліс таппай көш басында келеді. Осы ойында екі команданың бірі не болмаса екеуі де ұпай жоғалтатыны түсінікті.

Моуриньо мен Гвардиола 1996-2000 жылар аралығында Барселона сапында бірге болған. Гвардиола команда капитаны әрі көшбасшысы болса, португалиялық алдымен аудармашы, кейіннен сол кездегі бас бапкер Луи Ван Галдың көмекшісі қызметін атқарған. Қос бапкер арасындағы текетірес 2009-2010 жылғы Чемпиондар лигасында басталып, испанияның Ла лигасында жалғасқан болатын. Енді міне Тұманды Альбионға да кезек келді. Статистика испандық бапкер пайдасында. Енді Англияда дуэльдің жаңа кезеңі басталғалы тұр.

Сонымен 10 қыркүйек 2016 жыл. Ағылшын Премьер Лигасы. 4 тур. «ОЛД ТРАФФОРД» стадионы. Манчестерлік дерби.
Әрі қарай

Хави: Моуриньоның командалары Барселона стилінде ойнамайды

Блог - Erkosh1995: Хави: Моуриньоның командалары Барселона стилінде ойнамайды
Хави: «Моуриньоның командалары Барселона стилінде ойнамайды. Ол қорғанысқа қатты көңіл бөлуді жөн деп санайды, мен осы шешімін сыйлаймын. Біздің ойын стиліміз оған ұнамайды, бұл айқын. Бұл қазір пайда болмады, бұл бес-алты жыл бұрын пайда болған жек көргіштік.»
Әрі қарай

"Ерекше" видео


Жозе Моуриньоны бәріміз жақсы танимыз ғой. Таяуда ғана «Челсиге» бапкер болып барды. Мен оны 2004 жылдан бері білемін әрі оған деген құрметім де сол кезде басталған. Әрине, «Реалға» бапкер болғаны өкінішті. Дегенмен, онсыз футбол қызық емес. «Ерекше» туралы деректі фильм түсіріпті. Көрейік ендеше

Бірінші бөлім. Порту



Екінші бөлім. Челси



Үшінші бөлім. Интер



Төртінші бөлім. Реал Мадрид

Әрі қарай