Менің футбол тарихым...

Менің футболға деген қызығушылығым 2002 жылғы әлем чемпионатынан кейін басталды. Оған дейін футбол деген спорттың бар екенінен бейхабар бейбақ болыппын.

Корея мен Жапонияда өткен мундиаль мен үшін үлкен футболдағы алғашқы жарыс болды. Бұл турнирде кімнің жеңгені жайлы айтудың қажеті жоқ шығар. Алайда мына нәрсені есте ұстау керек. Осы жарыста мен Бразилия мен Сенегалға болысып едім. Испандықтарды иттің етінен бетер жек көретінмін. Қуанышыма орай, Бразилия чемпион атанды. Ал, Сенегалға гол соққан Ильхан Мансыз менің сүйікті спортшыларымның біріне айналып шыға келді. Әрине, ол ойында өкінгенім рас (Түркия-Сенегал, естеріңізде болса сол ойында түрік бауырлар қосымша уақытта жеңіп кеткен болатын). Қара құрлық өкілдерінен Пап Буба Диоп пен Эль-Хаджи Диуфтың фанаты едім. Түріктердің үшінші орын үшін өткен тартыста жеңіске жетуі мен үшін қуанышты болды. Осы жерге өзіме қатысты бір нәрсе айта кетсем… Осы турнирден кейін мен шашымды тура Үміт Даваланікіндей қылып қидырып, тойыс тақырлатып тастаған болатынмын. Ал, финал… Финал мен үшін той болды. Роналдо менің кумирлерімнің бірі болып қала бермек(Алайда оның португалиялық аттасын жек көремін. Тіпті, Португалия құрамасына жақтас болсам да)
Әрі қарай