Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

31 тамызда «Алау» мұз айдыны сарайында Астананың тарихында тұңғыш рет кәсіпқойлар арасында ММА аралас жекпе-жек спорт өнері бойынша «Есіл жағасындағы жекпе-жек» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Турнирдің ұйымдастырушысы Астанадан шыққан жаңа қазақстандық промоушен TOBET Fighting Championship және серіктесі FIGHT NIGHTS GLOBAL, сонымен бірге тағы бір отандық промоушен ALASH PRIDE.

Турнир аясында Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) және Тагир Уланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек болады. Жалғас Жұмағұлов бұрын осы белдік үшін Вартан Асатрянмен кездескен.

Сондай-ақ, осы турнир шеңберінде елорданың тұрғындары мен қонақтары мынадай супер жекпе-жектерді тамашалайды:

АСВ-ға қатысатын, ALASH PRIDE клубының тәрбиеленушісі Асу Алмабаев пен Джовхар Дошуев арасындағы жекпе-жек, FIGHT NIGHTS промоушенда өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Жұман Жұмабековтың кәсіби спортта 5-0 рекордпен, жеңіліссіз келе жатқан Мұхамед Эминовқа қарсы жекпе-жегі.

Сонымен қатар, көрермендер муай-тай ережесімен екі жекпе-жекті тамашалайды:

Астана қаласы әкімінің жүлдесін кәсіби турнирде ұтып алған Николай Самусев пен «Tobet Top Team» бірыңғай жекпе-жек академиясының тәрбиеленушісі Рүстем Ақжанов өз өнерлерін ортаға салады.

Билеттер «Алау» мұз айдыны сарайының кассаларында және ticketon.kz сайтында сатылады. Басталуы сағат 18:00-де.