Камызяк құрамасы. Финал.



Бұған дейін Ресейдің КВН Премьер-лигасында өнер көрсететін Камызяк құрама туралы айтып, видеоларын салған болатынмын. Өздерің ғо нақ, мән бермеген, маған нағылдейсіңдер. Бүгін сол тақырыпты жалғастырсам деймін, нақтың:
Әрі қарай

Ақ қайың кінәлі емес!

Қазір «Хабар» мен "Қазақстанның" жаңалықтарын қарағанша КТК арнасының ақпараттарын қарауды жөн деп білетіндер көп. Кеше сол КТК тағы бір шидің басын шығарды. «Қыдырәлі Болманов жалақымызды бермей жүр!» “Бал-бала” жауапкершілігі шектеулі
Әрі қарай

Ақиқат ауруханада жатыр, Ақзере...

Өзімді тегі керемет періштемін демеймін (Ақзере)

“ Астарын ақтарамыз” деген тақырыпта Анар ханым ашу шақырыпты. “ Керекинфоға” ілінген материалды керек болса, оқып аларсыз. Әңгіме КТК арнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасы туралы боп тұр. Ұят енді. Журналистиканың дамығаны жөн-ақ. Дегенмен, дәл осы шокотерапиядан басқасы құрып қалып пе екен деймін ғо… Журналиспін деп жер тепсінемін-ау, телебезерде жаңалық қалай жасалатынан хабарым жоқ. Мүмкін, рейтинг деп жандарын алардай жұмысқа қинар.
Әрі қарай

Астарын ақтарамыз…


Әр апта сайын КТК телеарнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасының шыққанына біраз уақыт болды. Негізінде шындықты айтудан, біз естуден ешуақытта тайған емеспіз. Тіршілікті қызғылт түспен көруге құмар болғанымызбен, ондай емес екенін түсінеміз. Бірақ, жаңалықтың да жеткізілу жағынан бір ұстанымы болуы керек сияқты. Шығатын уақыты да прайм-тайм, 20:00. Ол уақытта адам баласы көбі үйде демалып, теледидар көрумен айналысады. Кейде отбасы болып та жаңалық көреді. Дәл сондай мезетте тыр жалаңаш әйелдер, еркектер, тіпті анайы сценаларға да куәгер боласың. Ата-анаңмен отырсаң, кірерге тесік таппай кететін мезеттер де болады. Басқа арнаға бұрайын десең, жаңалық көріп отырмыз.

Әрі қарай