Қастық деп осыны айт

Қазақстандық спортшыларына Қастық деп осыны деп айт.

Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло Лондон Олимпиадасында допинг қолданды айып тағылды деп түрлі БАҚ өкілдері xабарлауда.

Өз ойым. Төрт жыл бұрын қайда қалды екен?! Неге тура Рионың алдында? Біздің спортшыларды псиxологиялық түрде «сындыру ма?» не бұл? Әділетті допинг тексеру қайда? Ол да жоқ. Неге сенеміз. Жасұлан мен Алмастан бас тартып едік. Енді кезекте 3 дүркін мен 2 дүркін Олимпиада чемпиондарынан бас тартамыз ба? Жоқ, мен келіспеймін. Баx мырзаға үлкен сын, әділ спорт болсын, әділ төрешілер болсын, әділ ойындар өтсін.
Бірақ Илья мен Зульфиядан ТАРТЫҢЫЗДАР ҚОЛДАРЫҢЫЗДЫ. Олар армандарына жету керек, Қазақ елі марқаяды және мақтанады олармен.

#рио #олимпиада #нок #Қазақстан #olimp #rio #bah #forever #sport
Әрі қарай

Ильиннің жаңа қарсыласы

Ауыр атлетика соңғы Олимпиадада қазақ үшін алтынды «күреп» алған спорт түрі болды. Бұған дейін бір ғана спорттың түрінен бір Олимпиадада төрт алтын алып көрмеп едік. Кеңес Одағының тұсында да бір спорттың түрінен үш алтыннан артық алмағанбыз…

Юрий Зайцев, Виктор Мазин, Анатолий Храпатый сынды тарланбоздарымыз Олимпиада алтынымен апталған спорт түрінен Лондон Олимпиадасында төрт алтын медаль олжалап, бөркімізді аспанға атқанбыз.

Ешкімге ұқсамайтын, тума талант Илья Ильин Бейжің және Лондон Олимиадаларында теңдесіз танылғынын білесіздер. Лондон төрінде сондай-ақ сырттан әкелген үш қызымыз да сенім үдесінен шығып, еліміздің мерейін өсірген.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Илья Лондондағы ерен жетістігінен кейін 94 келі салмақтан 105 келіге ауысатынын мәлімдеді. Бірақ чемпион жігітіміз өзіне демалыс жариялап, әлі зілтемір көтеріп, сайысқа түсе қойған жоқ.

Жақында Польшаның Вроцлав қаласында әлем чемпионаты өтті. Осы біріншілікте 105 келі салмақта 1991 жылы туған өзбектің Руслан Нурудинов деген толағайы топ жарды. Ол – ала тақиялы ағайындардың арасынан шығып тұрған тұңғыш әлем чемпионы. Бұрын-соңды Өзбекстанда ауыр атлетикадан чемпион шықпаған екен.
Блог - Bek-enu: Ильиннің жаңа қарсыласы
Руслан – Өзбекстанның Әндіжан облысы, Ханабад қаласының тумасы. Польшада ол үш бірдей алтынға қол жеткізді. Жұлқа көтеруде 190 келіні, серпе көтеруде 235 келіні оңай еңсерді. Осылайша қос сайыс қорытындысы бойынша 425 келімен чемпион атанды.

Ал күміс жүлде алған ресейлік Давид Беджанян одан 20 келі кем көтерді. Негізі, Беджанян осал зілтемірші емес еді. Ол бұдан бұрынғы әлем біріншілігінде 105 келіге дейін салмақта серпе көтеру жаттығуында әлем рекордын жаңартқан болатын (238 келі). Ал өзбек батыры осы рекордшының өзін «шаңына» ілестірмей кетті.

Осы жеңісінен кейін Нурудинов:

– Серпеде көтеруде басты қарсыласым Бенджанян болатынын алдын ала білдім. Ол дәл осы серпе көтеруде әлем рекордын жаңартқан. Ал жұлқа көтеруде чемпионат қожайыны, поляк Бартломея Бонкамен сайысқа түсуге тура келді. Бонка Олимпиада ойындарындағы жұлқа көтеру сайысында меннен озып кеткен болатын. Бұл жолы есе қайтардым. Енді келесі әлем біріншілігінде міндетті түрде рекорд жаңартуға тырысамын. Келесі чемпионатта бәсекелестік бұдан да жоғары һәм шиеленісті болады. Өйткені онда Олимпиада лицензиялары сарапқа салынады. Сондықтан тізгіндерін тартып жүрген таланттардың барлығы сынға түседі, – депті.

Ал келесі әлем чемпионаты 2014 жылы Астанада өтетінін білесіздер. Ильяның жаңа салмақтағы басты қарсыласы өзінен үш жас кіші осы өзбек спортшысы болатын тәрізді.

Естеріңізде болса, Ильин Лондон Олимпиадасында 418 (185+233) келіні көтеріп, өз салмағында рекорд та жаңартқан. Бірақ біздің Илья жұлқа көтеруде аса қарымды емес.

Ал Нурудинов Қазандағы универсиада мен Польшадағы әлем чемпионатында 190 келі қиналмай көтерді. Сондай-ақ серпе көтеруде өзбек баһадүрі Польшада 235 келіні көтеріп, Ильиннің Лондондағы көрсеткішінен асып түсті.

Бірақ біздің Илья 105 келі салмақта әлі өнер көрсеткен жоқ. Сондықтан қорытынды шығаруға әлі ерте. Ол 94 келі салмақ дәрежесінің өзінде 105 келідегі көп зілтемірші көтере алмайтын салмақтарды еңсерген.

Ендеше, 105 келінің қызығы мен шыжығы әлі алда. Қызықтың көкесі Астанадағы әлем чемпионаты мен Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарында болайын деп тұр. Біз өз спортшымызға сенеміз. Орыс пен украинның Ивановтарынан озғанбыз, енді өзбектің Нурудиновінен асу керек…
Әрі қарай

Ильяны қарсы алу сәт қалай болды?

Твиттерде Мұрат Әбенов, Асхат Садырбай, Маржан Сұлтанбаева сияқты патриоттардың бастамасымен Илья Ильин батырды қарсы алу кеші ұйымдастырылды. Қанша сағат күтіп тұрып, Ильяның шашын да көріп үлгере алмағанымызды айтпағанда, күшті кеш болды. Жанкүйер болған жақсы екен жалпы . Қарсы алуға келем деуші әр жанға ақ киім киіп келуден басқа еш талап болмады. Сонымен… біз Ильяны қалай қарсы алдық?

Парасат тобының PR-менеджері — Марал Ерман

Әрі қарай

Ұлы арман, ұлы міндет, ұлы жеңіс. Олимпиададан не күтеміз?

Қазір, үлкен спорттың бәрі саясат пен ақша табу көзіне айналды деушілер көп. Сөз жоқ, Олимпиаданың төңірегінде де топан ақша жүр. Біреулер байып жатыр, біреулер саяси салмақ жинап жатыр. Бірақ мойындаңызшы, нағыз спорттың саясатыңа да, ақшаңа да, әлемдегі экономикалық немесе табиғи күйзелістер пен дағдарыстарға да түкіргені бар. Ұлы жеңістер бәрібір бола бермек.
Әрі қарай

Илья Ильин Әлемнің үш дүркін Чемпионы!!!

Жарыс біткенше толқығаннан орын таппай кеттім. Жеңді ғой, әйтеуір! Әлемнің үш дүркін чемпионы болу Қазақстан үшін үлкен жетістік! «Бұл жеңісті Қазақстанның 20 жылдығына арнаймын!» деп ұрандатқан азамат нағыз ерлік жасады. Жарайсың, Илья!!!
Әрі қарай