Картон-велосипед: арзан және сенімді


Израильде картон қағаздан велосипед жасалды. Ол әрі арзан, әрі жеңіл. Бұл екі аяқты көлікті Изхар Гафни деген 50 жастағы израильдік дизайнер ойлап тапқан.
Велосипедтің қаңқасы толықтай қайта өңделген қағаз картоннан құрастырылса, дөңгелектері ескі көліктердің тесілмейтін резинасынан жасалған. Салмағы 9 келі тартады. Және ол жанып немесе суда езіліп кетпеуі үшін, арнайы органикалық материалдармен қапталған. Ал, әлемдік саудаға мұндай велосипедтер алдағы бес жылдың ішінде түседі. Бағасы небәрі 9 доллар (1350 тг).
Изхар Гафни, картон қағаздан велосипед жасаған өнертапқыш:
Менің ойымша, картон болашақта темір, алюминий секілді металдардың орнын басады. Қағаздан талай бұйым жасап шығару алдында тұрмыз. Ал, екінші жағынан, қаражаты аз, кедей елдер үшін бұл өте тиімді құрал. Өйткені, оған қол жетімді ғой.
Әрі қарай