Жаңа Өзен оқиғаларынан кейін..

Жаңа Өзне оқиғалары болғанда мен шет елде іс сапарында болатынмын..17 таң ертең Алматыға келгенде жаңалықтарды қарауға мүмкіндігім болған жоқ..19 күні Таразға қаласына жолға шықтым… Жолға шығар алдында бір журналист досыммен кездесіп қалдым… Оқиғаның шет жағасын содан естідім.."Ғимараттар өртенген", «адамдар өлген» деген сөздер санамда қалыпты, бірақ оқиғаның артында жатқандарды білмейтінмін…

Енді міне кешелі бері интернеттен болған оқиғалар туралы шыққан ақпараттарды талдап отырмын… Жаңа Өзендегілерді «бұзақылар» деп айыптаушы билік жақты ақпарат таратушылар мен «халыққа оқ атқызған азғындар» деуші ақпарат таратушылардың ортасында қалдық…

Біздің ішкі ісімізге Ресейдің араласуына таң қалып отырмын… Иә, Ресей баяғыдан бері араласып келеді ғой… Алайда, мына оқиғаға байланысты көзқарастары мәз емес…

КоммерсантЪ газетінде шыққан бір сарапшының көзқарасы мынандай:

Под угрозой окажутся и оставшиеся в этих республиках русские, а также другие представители «нетитульных наций». В Казахстане их особенно много — 37% населения. И именно президента Назарбаева, проводившего в целом умеренную национальную политику, они считают главным защитником от казахских националистов и религиозных экстремистов.

При неблагоприятном развитии событий конфликт в Мангистауской (бывшая Мангышлакская) области вполне может перерасти в межэтнический. Подавляющее большинство восставших нефтяников — казахи. А на подавление бунта власти перебросили полицейские части из Караганды — самого «русского» из крупных городов Казахстана.
Подробнее: www.kommersant.ru/doc/1841507

Кеше Жаңа Өзенге барған Президент облыс әкімін орнынан алды және Тимур Кулибаевті қызметінен босатты… Бірақ бұның барлығы кеш қалған шаралар… Бұл шаралармен төгілген қанды жуып шая алмайсың… Алаңға шыққандар кім болса ол болсын, мейлі бұзақы, мейлі нашақор, мейлі маскүнем… Олар АДАМ…

Төгілген қанның қарғысы жібермейді деуші еді… Бұл оқиға Заманбек, Алтынбек оқиғалары сияқты, немесе ұшты қилы жоғалып, кейін жеті қабат жердің астында бөшкеде көмулі табылған Нұрбанк банкшілерінің оқиғасы сияқты көне салатын оқиға емес…

Тілін тапсаң тас та мұңын айтар… Тәуелсіз еліміздің Билігінде ереуілшілерімен тілдесетін және олардың шағымдарын тыңдап, басқаға дұрыс жеткізетін бір адамның табылмағаны қынжылтады… Жаздан бері болып жатқан оқиғаның түп мәселесі не еді бір біле алмай кеттік…

Ереуілшілердің сұраған талаптары қаншалықты қисынды немесе қисынсыз еді, неге ортақ шешім табылмады? Енді бұл сұрақтардың жауабы маңызды емес… Акция — реакцияның қозғаушысы… Реакция қашан және қайдан келеді алдағы уақыт көрсетеді…
Әрі қарай