Жамбыл облысындағы діни саясат

Дін мәселесі бойынша облыстық Кеңесінде
«Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі, И.Дастан сөйлеген сөзі.

Армысыздар, Құрметті Ерқанат Нұрбапаұлы, кеңеске қатысушылар!
2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының «Діни экстремизм және терроризмның алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі бірқатар кешенді, жоспарлы жұмыстарды жүзеге асырды.
Атап айтқанда, облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының орталық мешіттерінде жамағатпен кездесулер, мешіт жамағаты арасындағы діни ахуалға мониторинг жүргізіліп, дәстүрлі емес діни ағымдар өкілдерімен сұхбаттар өтті және қалалық мәдениет үйінде облыстық конференция ұйымдастырылды.
Кездесулерге Мысырдағы «Әл-Әзхәр» университетінің түлегі Н.Бақытұлы, республикамызға белгілі исламтанушы Ерсін Әміре қатысып, облыстық орталық мешітте жамағатпен кездесу өткізілді.
Жалпы, жоба барысында аудандық орталық мешіттердің жай-күйі, ахуалы да қарастырылды. Мәселен, намаз алдында уағыздар тыңдалып, оны жамағаттың қабылдау барысы сырттай бақыланды.
Уағыздардың айтылу барысында муфтиятты мойындамайтын жамағаттың кездесетіндігі анық байқалды.
Осы ретте бүгінгі кеңес ұйымдастырылып отырған Сарысу ауданы бойынша бірқатар мәселе көтеруге рұқсат етіңіздер.
Осы ретте, Сарысу ауданында атқарылып жатқан игі істердің баршылығын да назарларыңызға ұсынғым келеді.
Мәселен, ақпараттық-түсіндіру топтарының тұрақты штабы облыс бойынша тек қана Сарысу ауданында бар, бұны пилоттық жоба деуге болады.
Дегенмен, әлеуметтік жобаны жүзеге асыру барысында кездескен кемшіліктерді Сіздердің назарларыңызға ұсыну біздің басты мақсатымыз. Өйткені сын айтылмай мін түзелмесі анық.
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы «Жаңатас» мешітіндегі жағдай алаңдауға тұрарлық. Өйткені, ұстаз Н.Бақытұлы уағыз жүргізген кезде үш адам тұрып кетіп, құптан намазының уақытында қамат айтылған кезде үш адаммен бірге қосыла тағы отыз екі адам намазға келіп парыз намазын оқуға жамағатпен келіп тұрды. Бұл мешіт жамағатының ішінде сыңаржақ діни идеяларға бой алдырған өзінше бөлек жамағат құрылғанының дәлелі. Сондай-ақ, мешіт жағдайы нашар жағдайда (қараңғы, электр шамдар жанбайды, имам отыратын жақтың төбесі ойылып түсіп кеткен).
Негізі, осы бүгінгі кеңеске дайындық барысында біздің бірлестік тарапынан Сарысу ауданында қалыптасып отырған діни ахуалға тағы бір рет сырттай мониторинг жүргізілді. Алдыңғы жылға қарағанда ілгерілеушілік байқалады. Бұл осы салаға кураторлық жұмыс атқарып отырған Динара Қырықбайқызы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылығына жаңадан тағайындалған Жеңіс Орынбасарұлының еңбектері десем болады.
Жоғарыда айтылған әлеуметтік жобаның қорытынды анықтамасы облыс әкімдігінің дін істері басқармасына жолданған. Алдағы уақытта қауырт желі жұмысын оңтайландырып кеңінен насихат пен әлеуметтік желілер арқылы қысқа метражды және саналық — сапалық деңгейі жоғары бейнероликтерді дайындау қажет.
Ендігі мәселе теріс діни бағыттағы азаматтармен күрес жүргізе аламыз? Алысқа бармай-ақ қояйын, 2015 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен «Діни экстремизм мен терроризмін алдын алуға бағытталған» әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Жоба жұмысы шыны керек қыркүйек айынан кейін толық күшпен жұмыс жасады деп білем. «Сарысу аудандық «Жас жігер» қоғамдық бірлестігі әрбір өткізетін лекциясымен кездесуіне облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» мамандарын жұмысқа тартып отырды.
Жаңа басшысы келіп жаңа серпін бергендігі туралы анық байқалып тұр. Жамағатпен жұмыс тек аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат мамандары үшін ғана емес, ауыл тұрғындары бірлесе жұмыс жасау қажеттілігі туындап тұр. Көбісі айтады «Дінді білмейміз, не дейміз» сол секілді себептерді көрсетеді. Менім айтарым ата-ананы сыйлау, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеу, әдеп ғұрыптарын сақтау секілді аталарымыздан келе жатқан мұраны сақтап қалуымыз қажет.
Қатардағы азамат сақал салып немесе орамал тақса «уахабби» деген тіркесті сыртынан қоса салмай, сөйлесу қажет, ол адам радикал ма, фанатик па немесе сақал салуды қызығып, мода санап жүрген азамат па? Асыл дініміздің өркендеуіне өсуіне атсалысумыз қажет. Заманның қазіргі уақыттың ғасыр дерті экстремизм мен терроризм, ақпараттық соғыс болып жатқан кезде үйдегі балаларымыздың қандай сайттарда отырғанын, кімнің уағызын тыңдап жүргендігін бақылай жүрейік. Ертеңгі күннің басшылары, мемлекет қайраткерлері үйде, гаджеттармен ғаламторда балаларымызға бақылау жүргізейік. Бармағымызды тістеп қалмайық, ертеңгі күніміздің нұрлы болуы бүгіннен басталатындығы туралы ұмытпайық.
Алда атқарар жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
Әрі қарай

Youtube-ке файл жүктедім

Youtube-тан видео қарап жүргенім болмаса өзім онда жүктеп көрмеппін, сол пробелді бүгін толтырдым.
Қабыл алыңыздар:
Менің беседкам және аулам (22.09.2010)
Әрі қарай

Туылған жердей жер болмас

Жантақ, тікен қаптаса да, бұл мен үшін орман бел ©
Жұмақ мекенім Жаңатасым, туылған жерім болған соң жақсы көремін, күйреп бара жатқанын көріп жаным ауырады.
Менің туылған жерім Жамбыл облысы (Тараз облысы емес, Тараз деген қала) Сарысу ауданының
Әрі қарай