"Жасыл елдіктер" Астанада 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды

9 қазан күні «Жасыл ел» студенттік құрылыс және еңбек жасақтары Ш. Қалдаяқов көшесі бойындағы Президент саябағы аумағында «Қазпошта» АҚ қызметкерлерімен бірге ағаш көшеттерін отырғызу акциясын өткізді.

Акция «Қазпошта» АҚ 25 жылдық мерейтойы мен Астана қалалық «Жасыл ел» жобасының ХІV еңбек маусымының жабылуына орайластырылды. «Жасыл ел» сарбаздары пошта қызметкерлерімен бірге 100-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды.

Биыл Астана қалалық «Жасыл ел» сарбаздары жыл басынан бері 350-дей ағаш отырғызып, қала аумағындағы жасыл желектерге өз үлестерін қосты. Қазан айының ортасында 2019 жылғы еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтетін болады.

Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды

Астанада елордалық саябақтарды тазалау мен көгалдандыруға бағытталған жыл сайын өткізілетін «Саябақтар маршы» акциясы басталды. Акция барысында белсенді жастар Алматы ауданындағы саябақтарды тазалайды, демалыс аймақтарын көріктендіріп, көгалдандырады. Шараны Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Астана жаңалықтары: Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды

«Саябақтар маршы» акциясы еліміздің барлық аймақтарында жыл сайын өткізіледі және акцияға қатысып, саябақ қызметкерлеріне ағаш егу, тазалық жұмыстарын жүргізу және қоршаған ортаны жақсартуға көмектесуге ниет білдіруші жандардың қатары жылдан жылға артуда.

«Саябақтар — қала адамдары үшін табиғат құшағына батып, демалып, ой сергітетін бірден-бір орын. Сол себепті баршамыз саябақ аймақтарын сақтауға және де көбейтуге ат салысып, тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізуіміз қажет», — деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанаты хатшылығының басшысы Аян Сакошев.

Астана жаңалықтары: Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды

Шараның басты мақсаты — жас ұрпақты патриотизм және еңбекті қадірлеу бағытында тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және де Отанға сүйіспеншілік негізінде азаматтық сана-сезімді дамыту.

Астана жаңалықтары: Астанада «Саябақтар маршы» акциясы басталды
Әрі қарай