Жансел Дениз - Таэквондодан Түркия құрамасындағы қазақ қыз

Біз білмейтін қазақтар: Жансел Дениз - Таэквондодан Түркия құрамасындағы қазақ қыз

Жанселдің есімін биыл Астанада таэквондодан әлемдік Гран-при өткен кезде естіген едік. omarbirat досымыз Түркия құрамасында қазақ қыз бар екенін жазған еді. Бұл турнирден кейін Жанселдің Қазақстан құрамасына өтуі үшін келіссөздер жүріп жатқаны туралы айтылды.

Жансел Дениз 23 жаста (26/08/1991), Түркиядағы қазақ отбасында туған. Ірі жеңістері болмаса да түрлі халықаралық жарыстардың жүлдегері. 2013 жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткен Ашық турнирдің жеңімпазы.
+67, +73 салмақтарда шығады.

Жетістіктері және нәтижелері: http://www.taekwondodata.com/cansel-deniz.agd6.html

Жанселді Түркия қазақтары арасындағы Мұстафа Өзтүрік бастаған таэквондо жолын жалғастырушылардың бірі деуге болады. Бұған дейін Еуропа чемпионы, Түркия құрамасының бұрынғы мүшесі Ильяс Керим де кезінде Қазақстанға шақырылған екен. Бірақ түрлі себептерге байланысты келе алмаған Ильяс қазір Түркияда жас спортшыларды жаттықтырады.

Ал Жансел Қазақстанға келсе де, келмесе де қазақтың бір қызы үшін таэквондо жарыстарында тақым қысатын боламыз.


суреттер Жанселдің Instagram-ынан алынды: cansel_deniz_12
Әрі қарай