Қазақ телевидениесіндегі шоу бағдарламалардағы "жұлдыздар".

Бағдарламалар дейтіндей соншалықты көп емес өздері…
«Шіркін лайфты» біраз жерде талқыладық қой, бұл жолы секіріп кетейік.
«Кеш қалмаңыз»-түсінбейтінім неден кеш қалмауымыз керек?! Жүргізушілері Айгүл Иманбаева мен Айқын (пах-пах).Екеуінде де жүргізушілікке икем жоқ. Айгүлдің сырттай журналистика оқып жатқанынан хабарым бар(мүмкін дипломында алған болар). Бір сұхбатында "Қазақ журналист қыздарының бұты талтақ, тісі қисық болғанына мен кіналы емеспін" депті, «Соңғы кезде ТД көп көрініп кеттіңіз»деген тілшіге. Айгүлді сұлулығымен он орап алатын журналист қыздар бар бізде. Телевизия саласына қазіргі таңда қатты талап қойылып жатқан жоқ шындығында.Сақау адамдарда жүргізе беретін болды ғой жаңалықтарды немесе арнайы бір бағдарламаны.Айгүл дайын бағдарламаны оқып бергеніне қарап әжептеуір журналистпін дейтін болар.Бірақ журналисттік талдау, зерттеу жасай алмаса несіне журналист.Дикторларды журналисттердің мойындамайтыны осындай әрекеттерден кейін туып жатады негізінде.
Әрі қарай