Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді

Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді. Одан айырылып, жабырқаған сәттерде мұңымды бөлісетін адам табылмай қала ма деп қорқам. Мұндай жағдай бұған дейін болған… Мәселе мынада. менің ер бала жолдастарым көп. Қыздармен бөліскенше сол сырларымды ер баламен бөліскенім әлдеқайда жақсы. Өз ойым, олар ешқашан сенің арқаңа түкірмейді, әрдайым қысылған, қиналған сәтте жаныңнан табылады. Бірақ сол достарымның уақыт өте келе маған деген достық адал сезімдері махаббаттың сезіміне айналуына қапа болам. Сөйтіп олар менің досым емес, маған ғашық адамға айналады… Біртіндеп арамызды суытамын да жоғалып кетемін, себебі олардың сезіміне солай жауап бере алмаймын.
Айтайын дегенім, осы бойжеткен қыз бала мен жігіттің арасындағы достық сезімді қалайша сақтап қалуға болады? сіздердің пікірлеріңіз бен кеңестеріңізді күтем. Себебі тағы бір досымды жоғалтқым келмейді…
Әрі қарай

Махаббат пен достық

Апптырды - зынданға!
Бір кезде махаббат достықтан сұрапты: “Мен тұрғанда сенің адамдарға керегін не?” — деген, сонда достық: ”Сен жылатып кеткен жерге, күлкі сыйлау үшін...” – деп жауап қайтарыпты. Махаббат пен достық екеуі әрқашан бірге жүреді, бірін-бірі толықтырады.
Әрі қарай