Димаш тек дарын емес

«Жетістік — 10 пайыз талант, 99 пайыз еңбек» деген бар ғой. Ести-ести әбден жаттанды болып, түк қадірі қалмаған сөз. Бірақ ақиқаты ақиқат енді.

Қазір трендте жүрген Димаш Құдайбергенов бұл қағиданың айқын иллюстрациясы. Әлгі «The Singer»-дің бірінші турында айтқан өлеңі естеріңізде ғой. Соны Димаш осыған дейін екі конкурста орындаған екен. Бірінші «Жас Қанат» байқауы. 2012 жыл.



Сөз жоқ, баланың таланты бұл видеода да көзге, жә құлаққа дейінші, ұрып-ақ тұр. Не деген диапазон?! Не деген дарын?! Дегенмен енді екінші конкурстағы әнін тыңдап көрейік. 2015 жыл, Витебск, «Славянский базар».



Әлгінде өсетін бала деп пе едім? Мына жерде бала шынымен өскен. Үш туған апасы кәсіби музыкант адам ретінде айтып отырмын. Милизмдер, бізше айтқанда иірімдер тереңдеп, нәзіктеле түскен. Бірақ бұл да әлі идеал емес. Қазіргі Димаш тіпті басқа. 2017 жыл, Қытай, «The Singer».



Твоюжна… Менің реакциям осы. Әсіресе жоғарыдағы екі видеоның фонында, мына соңғы орындауы КОСМОС!!! Дауыстың тазалығы, иірімдердің дәлдігі таңқалдырмай қоймайды.

Осы кезге дейін таланты үшін жақсы көріп келсем, енді Димаштың еңбекқор екеніне де көзім жетім отыр. Бұл тек әншінің емес, ұстаздарының, ата-аналарының да еңбегі. Біз талантты өлтірмей, жақсылап дайындай алады екенбіз.

Так ышто, еңбек етіңдер!
Әрі қарай

Туған күніңмен, Димаш!

Бүгін Димаштың туған күні. Туған күніңмен, Димеке! Әр ісіңе, бар ісіңе береке, байлық, барлық, жеміс, жеңіс тілейміз! Айтпақшы, ҚалмақНЕТ-тен келіп қалып танымайтындар болса, ол туралы аз-кем ақпарат. Ол өзі мынандай жігіт.

Алысқа көз тастайды
Әрі қарай

"Блогқұрылтай – 2011" ұйымдастырылу схемасы



ЕСКЕРТУ: Төмендегі жазбаны толық оқу үшін шамамен 5-10 минут уақытыңыз кетуі мүмкін.

Алдағы богшылар құрылтайының жақсы өтуіне үлес қосқысы келетіндер баршылық. Бұны блогқұрылтайға қатысты жазбаларға қалдырылған пікірлерден байқап отырмын. Осы орайда «Блогқұрылтай – 2011» шарасы қалай ұйымдастырылғаны туралы кейбір ойларыммен бөліскім келіп отыр. Жазба сонымен қатар осы тектес жобаларды жүзеге асырғысы келетіндер үшін де пайдалы болады деп ойлаймын.


Әрі қарай

2D Мультфильмнің көрсетілімі. Тек қана бүгін. Тек қана Керекте:)

Linux Ubuntu бір сұммдық нәрсе ғой негізі!
Бүгін сіздерге көрсетейін деп жатқаным, кеше отырып жасаған мультфильмім.
Мультфильм деуге келе ме келмей ме өздеріңіздің еншілеріңізде. Ең бастысы кішкене еңбектендім
Ұнамаса, жұмыртқа, анау-мынау лақтырып адамның абыройын төкпеңіздер
Отандық анимация саласы осылай дамиды деп ойлаймын
Әрі қарай

сабағым басталды :)


Бүгін алғашқы сабаққа қатыстым. Мені қазақ тобына қабылдаған жандарға(әсіресе қазақ бөлімін ұйымдастырушы Димашқа) мыңда бір алғысым шексіз :) Былайға керек инфоны инеттен оқып/біліп жүрсем де, көп білмейтін тұстарым :(, біреуге элементари болып
Әрі қарай