Ресейді күлдіріп жүрген қазақ - Вячеслав Дусмухаметов


Вячеслав Зарлықанұлы Дусмухаметов — ресейлік сценарист, продюсер. Лақап аты — Казах. Бізге танымал көптеген ресейлік әзіл бағдарламаларының, сериалдардың авторы.

Челябілік қазақ, туған жері Челябі облысы, Черниговский селосы. 1978 жылы 27 сәуірде туған. Негізгі мамандығы дәрігер. Студент кезінде КВН ойнаған, «Уездный город», «Лица Уральской НАциональности» командаларында автор болған. «Папины дочки», «6 кадровтың» алғашқы маусымдарының авторы. Танымал «Интерны» сериалының авторы және продюсері. «Comedy Woman» шоуының авторы, «Comedy Баттл» жарысынң жюри мүшесі.
Әрі қарай