Бес тілек

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз
Әзәзіл, пасық, залымның
Тіліне еріп азбасқа
Әрі қарай

Buhar Jеrreau

Қайырлы күн, керекинфошылар! Қазақтың көкірегі ояу ұл-қыздарының ортасына кіргеніме қуаныштымын. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын демекші, түрлі жүйрік жиналған жерде бірдеңе жазу қиын екен. Кілең клава майталмандары:)
Осы сенбі-жексенбіде орыстың музыка арнасынан «Хип-хоп чарт» бағдарламасынан Дино МС Buhar Jеrreau тобы туындысын үздік ондыққа кіргенін көрсетті. Клипі де норм. Шынымды айтсам қуандым. Қазақ жігіттері үшін. Инетте бұл топ туралы жақсы лебіздер де бар екен. Атаулары да ерекше екен. Жылы қабылдайсың.
Пы.Сы алайда аққұлақ Дино МС топ атауының мағынасын түсінбеген секілді. Атау астарында қазақтың жырауы Бұқар жырау Қалқаманұлын емес, француз атауы деп ойлап, солай таныстырды да:(