Роза Рымбаева: "Бұл - насихат, ұлттық тағамымызды мақтан ету"

Оcылай екен...: Роза Рымбаева: Бұл - насихат, ұлттық тағамымызды мақтан етуЕлге ұнамағанымен-ақ тез таралып хит болған мына клип «Беш» көптің наразылығын туғызды. "Қазы, шұжық, жая" деп ән салғаны Роза апамызға жараспайтын қылық, талғамсыздық, қала берді жеңілтектік деп сөкті жұрт. Фейсбук әлеуметтік желісінде "ұнамады" деген сипаттағы пікірлер басым болды. Мысалы Жандос Байділда деген қолданушы
Мен үшiн қазақтың Примадоннасы Роза емес, Мақпал! Бүгінгі дермовый клипiн көрiп осы ойымның толықтай негiзi бар екенiн түсiндiм!
деген екі сөйлем ғана жазып 165 лайк жинап, екі шейрға ие болып алған. Ақберен Елгезек ағамыз да
Роза апаммен мақтанушы едім. Енді біртүрлі ыңғайсызданып отырмын. Сол шұжық клипті көрмей-ақ қойыңдаршы...
деген ренішіне жұрт жапа-тармағай лайктап ниеттес екенін білдіргендей болып жатыр. Айтпақшы Дәурен Қуат ағамыз да
Роза Роза басымен дұрыс ән таңдай алмайды екен. Публика үшін ойнап, тобырдың талғамына дейін төмендеуге арланбайтындығын ол бірнеше рет көрсетіп алды. Мынаусы несі енді: «Қазы, қарта, шұжыыық». Бұлбұл болғысы келген көктер мен секектерді көріп жүрміз. Ал, бұлбұлдың қайдағы бір «майда құстардың» тірлігіне кіріскені ұят енді
деп ренжуде. Сосын Роза апама соқтым. Жұртыңыз солай ренжіп жатыр деп. Жұрттың бұлай шулап жатқанынан бейхабар екенін аңғартқан Роза апамыз жайбарақат қалыбынан тайған жоқ.
-Клипте жалпы бүгінгі жастардың бешбармаққа деген құрметі бейнеленген. Менің клиптегі орыным ол – әйелдердің жиынтық образы. Бұл — насихат, ұлттық тағамымызды мақтан ету. Менің тіліммен емес, жастардың көзқарасымен жасалған дүние. Клипте әр түрлі ұлттар ат салысты. Аналардың атынан қазақтың құрметті асын насихаттауда ортасында мен де өз дауысыммен үлесімді қосып жатырмын. Жастардың стилінде жасалған дүние. Өзім өнер адамы болғандықтан маған бір қызық көрінгені рас. Анда-санда өз орыныңмен араласып тұрған дұрыс қой. Жастардан қалмауымыз керек, онсыз да рэп дегендерді тыңдап жүрміз ғой. Жастардың «Бешбармақты бірге мақтайық » дегеніне неге қарсы болу керекпін?! Клипті әлі қарап үлгермедім. Сондықтан маған ренжуге еш негіз жоқ,-деп Астана күніне дайындалып, жолға әзірленіп жатқанын айтты. Бары осы ғана. Роза апаны өзім жақсы көремін. Ұнады деп айтпасам да, клип те жаман емес сияқты. Ал бірақ талғамсыздық, бітті, құрыды деп жерден алып, жерге салуға қарсымын. Әрине анау сүйікті етімізді «беш бармақ» деген бір тәбетті қашыратын атауы менің де жыныма тиеді. Роза — ол Роза!!! Сондықтан құрмет пен сыйластықтан аттап кетпегеніміз жөн шығар деп отырмын.
Әрі қарай