Жыл басынан жолақысын төлеуден жалтарған 7 мыңға жуық жолаушыға айыппұл салынды

Астана LRT жүргізушілерді қандай бұзушылықтары үшін жазалайтынын айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан қоғамдық көлікте жолақы төлеуден жалтарған 7 мыңға жуық жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Салынған айыппұлдың сомасы 30 млн теңге шамасында. Сонымен бірге, 900 автобус жүргізушісі ЖҚЕ мен тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл – 12 млн теңгені құрайды.

«Жолаушының қоғамдық көлікте жолақы төлеуге міндетті екендігі туралы «Автомобильді көлік туралы» заңымен бекітіліп, талап етілген», — деп еске салды әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» компаниясының көлік қадағалау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.

Өз кезегінде «Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жолбыр 7 қоғамдық көлік жүргізушісінің қарама қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткені үшін жүргізуші құқынан айырылғанын жеткізді.

«Астана LRT» – қоғамдық көліктер халықтың уақытын үнемдеуге қауқарлы

«Астана LRT» – қоғамдық көліктер халықтың уақытын үнемдеуге қауқарлы.
«Astana Aspany» бағдарламасының алғашқы қонағы «Астана LRT» ЖШС-ның төлем жүйелері департаментінің директоры Дәурен Нұралиев болды. Еліміздің бас шаһарын «ақылды қалаға» айналдырар, жергілікті биліктің негізгі жобаларының бірі, соңғы бірнеше жылда біраз жаңалықтарды енгізіп үлгерді. Ондағы мақсат: қала тұрғындарын уақытын, шығынын ыңғайлы жолмен үнемдеуге септігін тигізу. Бағдарлама барысында Дәурен Нұралиев мырза, жүргізушінің сан түрлі сұрақтарына жауап беріп, халыққа пайдалы ақпараттармен бөліседі.

«Астана LRT»: Автобуста валидатор істен шықса жолаушылар тегін жүреді

Астана жаңалықтары: «Астана LRT»: Автобуста валидатор істен шықса жолаушылар тегін жүреді

2018 жылдан бастап «Астана LRT» ЖШС жолақыны төлеудің электронды жүйесіне толықтай көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Осыған байланысты, «Астана LRT» елорданың барлық автобус паркі валидатормен жабдықталып, ASTRA PLAT транспорттық электронды картасымен төлем жасайтынын мәлімдеді. Егер автобуста валидатор істен шықса, ол автобус маршруттық бағыттан шығарылып тасталады немесе жолаушылар тегін қатынайтын болады.

Сондай-ақ, келесі жылы айлық жол жүру билеті де алынып тасталады. Қағаз билеттің орнына пластикалық карта шығады. Бағасы бұрынғыша – 7500 теңге күйінде қалдырылады. Ал транспорт картасының бағасы – 400 теңге. Бұл жаңалық жолақыны электронды жүйемен төлеуге толықтай ауысудың алғышарты.

Сонымен қатар, жыртылып берілетін билет орамы да алынып тасталады, бұл көлеңкелі ақша айналымын тоқтатады. Жүргізушінің қасындағы (валидатор жүргізушінің жанында орнатылады) мөр басылған билет жолақының төленгенін растайды.

Транспорт картасын алып үлгермеген азаматтар картаны арнайы мамандандырылған кассалардан, RTVM терминалынан және де халыққа ыңғайлы болу үшін Касса24 немесе QIWI терминалы арқылы толтыруына болады.

25 желтоқсаннан бастап транспорт картасын сататын және электронды картаны толтыратын сауда орындарын көбейту жоспарланып отыр.

Кассалардың мекен-жайы:

№12 касса — «Гранд Астана» ТК, Ж. Нәжімеденов көшесі, 10/1.

№8 касса — Астаналық цирк, Қабанбай батыр к-сі, 5.

№14-15 касса — Орталық кеңсе, Қ. Мұңайтпасов к-сі, 14

№17 касса — Теміржол вокзалы, Гёте көшесі, 1.
Әрі қарай