Айырылысу

Қызара батқан Күн сәулесін бетінде жалт-жұлт жылтыратқан жал толқындар буырқанып жағаға жете бере бойы бәсең тартып, құмы қоңыр-күрең жағалауды шалдуырлап, бірқалыпты шайып жатыр. Келгеніне жарты… әлде екі сағат болды ма, өзі де білмейді — өзге бір терең ойдың шырмауында теңізге қадала көз тіккенімен, Болат бұл көріністі елеп те тұрған жоқ. Көңіл-күйі алай-дүлей. Қаланың бұл бұрышына «шын сүйем» деп ойлаған қызымен айырылысқан соң, өз-өзін жұбатуға келгені...Блог - Sanjaruly: Айырылысу
Бір көргеннен құлай кетпесе де, бірден көңілі ауған. Сұлу емес-тін, сүйкімді. Тік жүретін, тіке қарайтын. Әзіл айтуға шебер қыз еді, әйтсе де шектен шыққаны есінде жоқ. Болаттың алғашқы қадамы — Самалмен әлем-жәлем желіде шүйіркелесуі сағыздай созылмады, қол ұстасу, сүйісу сатысына оңай өткен. Сондай жарасымды жұп. Шынайы махаббат! Үшінші кездесулерінде-ақ солай екеніне жігітте күмән қалмап еді. Ал төртіншісінде — бүгін… жаңа ғана… Шалыс естімегені анық, сонан соң сандырақтап, не мазақ қып тұр екен деп қыз жүзіне алая қарап еді, тұнық көздерінен шынайылықтан басқа ештеме байқалмады. Талғамы осыншалық төмен қызды, әдейі болмаса да, таңдағанына ұялып кетті…
Бәйшешектей бүр жарған сезімін әп-сәтте, әрі оңалмастай солдырған Самалдың сол сұмдық сөзі — қазір назарын сүлесоқ теңіз үстіндегі шағалаға аударған Болаттың санасын торлап алған:
— Маған Ернар Айдардың әндері ұнайды…
Әрі қарай